Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет23/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42

VIІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Әже әже әже

43-жаттығу.Мәнерлеп оқып,көшіріп жазыңыздар.

Ана.

Адамда не қасиет болса,бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.



VIII.Қорытындылау.

Сұрақ-жауап:

-Әжесінің жүрегі кім?

-Әжесінің тірегі кім?

-Әжесінің жаны кім?

Рефлексия – бата той аяқталып келе жатыр өз шешендігімізді көрсетіп бата-тілек, нақыл сөздер айтайық…. бір оқушы бата айтады:

Жеріміз ырысты болсын,

Жорытқанда жол болсын,

Жолдастарың көп болсын!

Бестік баға мол болсын!

ІХ. Бағалау.Мадақтау.

Х.Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы 49 беттегі «Не тәтті?» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 43-жаттығу.

Сауат ашу. 26.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Не тәтті?Өзіндік жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.

Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.

II. Психологиялық дайындық:

- Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.

«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
ІV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

.- Сәлеметсіңдер ме, балалар, отырыңдар. Бүгін ерекше сабақ, өйткені бұл той сабағы болып өтеді. Тойда не істейді? Адамдар ән, би, өлең, жыр, құттықтау сөздер, ойын, жарыстар өтеді.

Әр адам өз өнерін, өз шешендігін көрсетеді. Той неден басталады? –Шашудан.

-Ал сабағымыз өткенді қайталаудан басталады.



1. Тақтамен жұмыс.123

Қоржынның ішінен балалар асықтарды біртіндеп алады олардың сандары бойынша сұрақтарға жауап береді

Ал қазір Көкпар ойынын ойнайық бұл ойынды қай топ ең жылдам, тапқыр сол жеңеді.

1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.

2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.

3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.

-Қандай сөз шықты, кім айталы?

ШЕШЕНДІК.


-Шешендік деген не? Қалай түсінесіңдер? – ән айту, өлең оқу. Сурет салу, айтыс……

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың белгілі бір оқиғаларға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер өткір, көңілге қонымды болған. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған. Ондай дауды қазақ тұрмысында негізінен билер шешіп отырған. Шешендік сөздерге тек қана дау-тартыстар ғана емес… бата-тілек, нақыл сөздер де жатып сол түрлерде де айтылған.

Шешендік сөздерде тілдің байлығы байқалады., халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ой, арман-тілегі бейнеленеді. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге үйретеді, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.

V.Оқулықпен жұмыс.

«Не тәтті?» мәтінін оқып беру.

Рөлге бөліп оқуы.

VI.Тақырыпты бекіту, нығайту.

1-көрініс: «Не тәтті?» оқушылардың көрініс ретінде қоюлары.



3.Тақтамен жұмыс.

Шешендік сөздер.



Аталы с-р. Қанатты с-р. Нақыл сөздер.

Билер сөзі ұлы адамдардың үлкеннен кішіге өнеге.

Мына сызбаға назар аударайық шешендік сөздер үш түрге бөлінеді :

1.Аталы сөздер.

2.Қанатты сөздер.

3.Нақыл сөздер.

Бәрі бірге Тәлім- тәрбие, өнеге беру, халқымыздың тіл байлығын меңгерту үшін пайда болады.

Шешендік сөздер мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады.

Ең алдымен халық шешендігі-түгіл сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні, халық арысына кең таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тұтас бір халықтың даналық мектебіне айналған.

Дау-тартыстар дегенді қалай түсінесіңдер? – мұғ. Шешендік сөздер дауларға байланысты тұған. Ондай дауларды билер шешіп отырған.

Біздің бүгінгі сабағымыз той сабақ дедік, сондықтан сендерге мынандай тапсырма ТОЙ деген сөзге синквейн жазу. Мыс.

1. Той.

2. Көнілді, әсем.



3. Биледі, айтысты, жарысты.

4. Той адамдарға шаттық береді.

5. Мереке, мейрам.


VII.Өзіндік жұмыс.№6.

1.

ы+дыс= шы+рын=

ы+рыс= су+сын=

ы+рым= то+қым=

о+йын= қа+сық=

о+тын= мы+сық=



о+рын= қы+сық=

2.


+ + +
қа+йық о+рын сыр+най

3.




ы







ы







ы







ы







ы







ы







ы







ы




су




су




қа




қа




шы




қы




мы




то




бор




тор




сыр




сыр




сыл




бас




сый











4.

?

мысық-қысым қыс-сық


- -


VIII.Қорытындылау.

Сұрақ-жауап:

-Жиренше шешен кімдерге кездесті?

-Бірінші баланың жауабы қалай болды?

-Екінші баланың жауабы қалай болды?

-Қай баланың жауабы дұрыс деп ойлайсың?

Рефлексия – бата той аяқталып келе жатыр өз шешендігімізді көрсетіп бата-тілек, нақыл сөздер айтайық…. бір оқушы бата айтады:

Той сабағын аяқтап,

Тілейтінім сендерге

Тойымыз ұлысты болсын,

Жеріміз ырысты болсын,

Жорытқанда жол болсын,

Жолдастарың көп болсын!

Бестік баға мол болсын!



ІХ. Бағалау.Мадақтау.

Х.Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы 49 беттегі «Не тәтті?» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 43-жаттығу.

Сауат ашу. 12.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры.Жуан,жіңішке айтылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесіктің жасалу құрылысы туралы, оны қолдану әдістерін білуге үйрету. Бесік жыры туралы мәлімет беріп, мағынасын түсіну.

Дамытушылық:Өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар.

Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.

Ұқыпты тыңдап сабақты,

Жақсы баға алайық,

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

1) «Не тәтті?» мәтінін диалог бойынша сұрау.

2) 43-жаттығу. Жуан,жіңішке айтылатын сөздерді айту.

ә)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

ІV. Жаңа сабақ.

Бесік жыры туралы түсінік.

Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.



V. Оқулықпен жұмыс

1. «Бесік жырын»мәнерлеп оқып беру.

2. Мазмұнын талдау. Сұрақ - жауап әдісі.

а. Анасы баласын қалай жұбатады?

ә. Анасы баласының кім болуын қалайды?

б. Өлең неліктен «Бесік жыры»деп аталған?

3. Іштей оқу.

4. Тізбектеп оқу.

5. Мәнерлеп дауыстап оқу.



VI. Сергіту сәті.

Өлең «Әй - әй бөпем, әй бөпем» өлеңін тыңдау.



VII. Дәптермен жұмыс.

44-жаттығу.

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Алдымен жуан айтылатын сөздерді,соңынан жіңішке айтылатын сөздерді атаңдар.

Ең жақын адам.

Еркелесем,күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым,күнім» дейтін.

Ф.Оңғарсынова

3.Аналарың сендерді не деп еркелетеді.



VІ. Қорытынды.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге:51,52-беттегі «Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқып,дәптерге көшіріп жазып,алдымен жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет,соңынан жіңішке айтылатын сөздердің астын-екі рет сызыңдар.


Сауат ашу. 13.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ә. Асылбеков. Әдептілік әліппесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны таныту; мазмұнын аша отырып, балалардың отбасында, мектепте, әдеп пен өнер туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сәлемдесу рәсімі арқылы «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығының мәнін ашу.

Дамытушылық: Отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, тәлімдік үлгі өнегесі, жора – жолдастық тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, сауатты оқу, байланыстыра сөйлеу, сұраққа толық жауап беру дағдыларын жетілдіру.. Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік, адами қасиеттер туралы түсінік беру.Жүргізіп оқу дағдысын қалыптастыру. Сауатты жазуға төселдіру.

Тәрбиелілік: Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу, әдепті де, ізетті оқушы тәрбиелеу.Әдептілікке, ізеттілікке , достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа материалды таныту.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, байқау, түсіндіру.

Құрал – жабдықтар: шығармалары, жаңа сөздер, мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Амансың ба Алтын күн!?

Сәлем саған достарым!

Қош келдіңіздер қонақтар!

Бағалау парағымен таныстыру.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Бесік жыры» өлеңді мәнерлеп оқу.

2. 43-жаттығу. Жуан,жіңішке айтылатын сөздерді айту.

ә)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

IV.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Әдептілік – сыпайыгершілік, ізеттілік, тәртіптілік деген мағынаны білдіреді.

ӘЛІППЕСІ деген сөз ,

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

-дегендей, әліппе деген бір нәрсенің бастамасы, беташары деген мағынаны білдіреді.

б)Мағынаны таныту.

* Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

* Ауызша баяндау.

* Сөздік жұмыс.



Ізетті - СЫПАЙЫ, БИЯЗЫ, ӘДЕПТІ.

ӘДІЛЕТТІ- ДҰРЫСТЫҚ, ӘДІЛДІК СОНЫ ЖАҚТАЙТЫН АДАМ.

КІШІПЕЙІЛ – ізеттілік көрсету.

V.Кітаппен жұмыс.

«Әдептілік әліппесі»

Ой толғаныс.

А) Өлеңді тізбектеп оқимыз.

Ә) Өлеңді шумақтап оқимыз.

Б) Өлеңді талдау.

1. Өлеңнің тақырыбы:

2. Шумақ -6

3. Тармақ -4

4. Бунақ- 7,7,7,8.

5. Ұйқасын табу.

Кешірімді боламыз,

Жұлдыздай болып … .

Кішіпейіл …

Құстай қанат … .

В) Өлеңді мәнерлеп оқимыз.



VI.Шығармашылық жұмыс.

Әдептілік әліппесі мәтіні бойынша (мәтін мазмұнын ашу )

-Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

1- 2- 3- 4- 5-

Кішіпейіл бауырмал тілалғыш мейірімді ынтымақшыл

VII.Сергіту сәті.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

- Ең бірінші амандасу туралы айтамыз. Сәлемдесудің қандай түрлері бар?



VIII.Дәптермен жұмыс.

Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жазыңдар.



ІХ.Сабақты қорытындылау:

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Сұрақ:


- Ең бірінші амандасу туралы айтамыз. Сәлемдесудің қандай түрлері бар?

--- Ал, балалар бүгінгі сабақтан қандай тәлім – тәрбие алуға болады?



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет