Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері


Х.Бағалау.Мадақтау. ХІ. Үйге тапсырма



бет24/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42

Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ. Үйге тапсырма: «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу. 52,53-бет.

Жуан дауыстылар және жіңішке дауыстыларды жазады.

7. Тест сұрақтарымен жұмыс.
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
А. 4-ке
ә. 3-ке
б. 2-ге
2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
А.2-ге
ә. 5-ке
б.3-ке
3.Жуан дауыстыларды тап?
А.Б,в,ғ,г,д,ж.
ә.А,о,ұ,ы.
Б.Ә,е,ө,и,ү,і.
4. Жіңішке дауысты сөзді тап?
А.Алмалар
ә.Терезелер
б.Сынып
5.Қатесіз жазылған сөзді тап?
А.Мктеп
ә.Мекпет
б. Мектеп

Сауат ашу. 14.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы:Ақсақалдың ақ батасы.Жұп дауыстылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату, тың материалдар жинау арқылы оқушылардың ойын дамытып, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытындылау, білімді жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс, әңгімелесу, талдау,сөйлесу, ойландыру, қойылым.

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер, плакаттар, слайд дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.

Ұқыпты тыңдап сабақты,

Жақсы баға алайық,

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сұрақ-жауап:

-Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

-Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Саған ата-анаң қандай ақыл айтады?

2. «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

ІV.Жаңа сабақ.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



Сабақтың эпиграфы:

Бата – жақсылыққа жол ашады,

Ырыс- ынтымаққа шақырыды.

І. Кіріспе сөз:

Халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық салт- дәстүрдің бірі – бата беру, ізгі тілек білдіру. Қазақтың ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде бата сөздерінің мағынысы, қадір-қасиеті айрықша екендігін бүгінгі сабақтан түсіндіңдер.Бата арқылы ой-санамызға нұрлы шуақ себілетіндігін ұмытпағандарың жөн.. Бата сөзі.

1.Халық шығармашылығына жататын тілі көркем, мазмұны келісті сөз үлгісі.

2.Тәлім – тәрбиелік мәні айрықша, байырғы мұрағатының бірі.

3.Сөз әдебі деген аса мәнді ереженің бірі.

Бата беру, ізгі тілек айтудың өзіндік рәсімі, жүйесі, шарттары бар.



б)Сұрақтарға жауап (ауызша)

1.Бата туралы қысқаша кім түсінік береді?

2.Батаны қай кезде береді?

3.Батаны беретін адамды кім дейді?

4. Батаның негізгі неше түрі бар?( ақ, теріс батаны түсіндіру)

Бата түрлерін , оның мағынасан түсіндіру.

( Ас батасы, Жол батасы, «Наурыз» батасы,Рамазан батасы, Ерік батасы , Ақ бата, Теріс бата )



Мағынасы: Ас батасы – ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет.

Жол батасы – ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.



V.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқу.

Тізбектей оқу.

Тауып оқу.

*Оқуда қандай бол?

*Ойлауға қандай бол?

*Өмірде қандай бол?

*Ашуда қандай бол?

*Ісіңде қандай бол?

*Ақылға қандай бол?

*Қиынға қандай бол?

*Еңбекте қандай бол?

*Уәдеңе қандай бол?

*Ауылыңа қандай бол?



в) Мұғалімнің отырған көпшілікке берген батасы.

Ел аман болсын, жер аман болсын,

осы отырған шаңырақтың есігі мен төрі аман болсын!

Оқушыларға сұрақ :Осы бата батаның қай түріне жатады? (Көпшілік)



г)Мақалдар.

1.Ата балаға сыншы.

2.Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

3.Батамен ер көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер.

4.Атадан бала туса игі,

Ата жолын қуса игі.



ғ)Ережемен таныстыру.-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

VІІ.Дәптермен жұмыс.

*Көркем жазу

бата

46-жаттығу.(ауызша)

1.Сөздерді салыстырып оқу.

2.Берілген сөздердегі а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү дауысты дыбыстарының өзар ұқсас дыбысталуын байқау.

Сан-сән от-өт ыс-іс ұн-үн

Нан-нән боз-бөз тыс-тіс тұс-түс



48-жаттығу.(жазбаша)

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Ауа,әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан,қайсысы жіңішке айтылған?

Біз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуә ашық,таза.



VІІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

ІХ. Сабақты қорытындылау.

1.Сұрақ-жауап:

*Оқуда қандай бол?

*Ойлауға қандай бол?

*Өмірде қандай бол?

*Ашуда қандай бол?

*Ісіңде қандай бол?

*Ақылға қандай бол?

*Қиынға қандай бол?

*Еңбекте қандай бол?

*Уәдеңе қандай бол?

*Ауылыңа қандай бол?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар.Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

2.Ұлттық нышандарға салынған суреттерді тірек сөз ретінде пайдаланып,батаны еске түсіру.

1-ші сурет-шаңырақ.,2-ші сурет-кереге,3-ші сурет-терезе,4-ші сурет-босаға.
Х.Рефлексия: Сабақтан алған әсерлерін алдын-ала таратылған гүлге жазып,магнитті тақтаға жапсыру.

(Әр оқушы сабақтан алған әсерін жазады).



ХІ.Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау.

ХІІ.Үйге тапсырма беру. «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін ,жұп дауыстылар ережесін,мақалдарды жаттап келу.47-жаттығу(жазбаша)

Сауат ашу. 14.02.2013 ж.
Тақырыбы: «Әке мен бала» Ыбырай Алтынсарин .а-ә

Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу. Ы. Алтынсарин, оның шығармасымен таныстыру. Шығарманы оқып түсіндіру . Түсінгендерін әңгімелеп беруге, диалогты сөйлесуге,рольдерде ойнай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

Тәрбиелілік: Балаларды жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетті үйренуге,үлкеннің айтқанын тыңдауға ,сыйлауға, құрмет көрсетуге,еңбек сүйгіштікке, көмек көрсетуге тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

VІ Егістік, таға, ұста, тиын.



Қажетті көрнекіліктер. Ы. Алтынсариннің портреті,отбасы суреттері, «Әке мен бала» тақырыбына байланысты суреттер.

Әдістер. Оқып беру, тусіндіру, әңгімелеу, әңгімелету, әңгімелесу, сұрақ-жауап,диалогты сөйлету,тақпақ, мақал-мәтел, сергіту, «Кім не істеді?» , кейіпкерлендіру.

Түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Амансың ба Алтын күн!?

Сәлем саған достарым!

Қош келдіңіздер қонақтар!

Бағалау парағымен таныстыру.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сұрақ-жауап:

-Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

-Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Саған ата-анаң қандай ақыл айтады?

2. «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар.Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

IV.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру,сабақтың мақсатын айту.



б) Қызығушылықты ояту

Сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

Сабақтың мақсатын айту.

- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толық жауап беру талап етіледі.


в) Балаларды Ы.Алтынсариннің портретімен таныстыра отырып, балалар үшін жазған шығармасы туралы түсіндіру.

Тақырыпқа байланысты суреттерді көрсете отырып әңгімелеп түсіндіру..



«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер).

1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.

1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.

1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы.

1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.

1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп

ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,

Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп

ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде

оқытқан жылы.

1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы.

14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.

1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы.

1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы.

1889 – қайтыс болған жылы.

1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы.

1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

«Әке мен бала» шығармасын мәнерлеп оқып беру.

Рөлге бөліп оқыту.

Әкесінің баласына айтқан ақыл сөзді тауып оқу.



VІІ. Дәптермен жұмыс.

49-жаттығу.

1.Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу.



ар-әр дау-дәу

ал-әл сат-сәт

аз-әз сал-сәл

дал-дәл сан-сән

2.Берілген сөздердегі а,ә дауысты дыбыстарының өзара ұқса дыбысталуын байқату.

3.Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу.Олардың жуан және жіңішке айтылуы қай дыбысқа байланысты?



г) Мағынаны ажырату

1. «Кластер» стратегиясы : Ыбырай Алтынсарин

2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы.

«Әке мен бала» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

1 топ 2 топ

Әке Бала

Үлкен кісі Жас бала

Тағаны алады Алғысы келмейді

Ақылды адам Ақылсыз бала

Шие сатып алды Сатып алмады

Еңбектенді Еңбектенген жоқ

Еңбектенген жоқ

VІІІ. Ой қозғау.

-баланың бұл ісі дұрыс па?

-сен болсаң не істер едің?

-үлкенді қалай сыйлау керек?

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың» мақалдың мағынасын түсіндіру.

Балалар шығарманы кейіпкерлендіру арқылы ,бір-бірімен диалогты сөйлесіп, әр кейіпкердің сөзін сөйлеп, қимыл- қозғалысын жасау.



ІХ.Қорытынды.Ой қорыту.

Балалар шығарманы кейіпкерлендіру арқылы ,бір-бірімен диалогты сөйлесіп, әр кейіпкердің сөзін сөйлеп, қимыл- қозғалысын жасады.



1.Ережені қайталау.

-Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы қай дыбысқа байланысты?



2.Сұрақ-жауап:

-Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?

-Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?

-Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

-Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Х.Бағалау.Мадақтау.

Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.



ХІ.Үйге тапсырма:57,58-беттердегі «Әке мен бала» мәтінін оқып,диалогты сөйлесіп, мазмұнын айтып беру.

Сауат ашу. 15.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Көкемнің ақылы. О-Ө.

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

Тәрбиелілік:Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып , әр мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Амансың ба Алтын күн!?

Сәлем саған достарым!

Қош келдіңіздер қонақтар!



ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

1.*Оқуда қандай бол?

*Ойлауға қандай бол?

*Өмірде қандай бол?

*Ашуда қандай бол?

*Ісіңде қандай бол?

*Ақылға қандай бол?

*Қиынға қандай бол?

*Еңбекте қандай бол?

*Уәдеңе қандай бол?

*Ауылыңа қандай бол?



2.«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін жатқа сұрау.

3.Сұрақ-жауап:

-Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?

-Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?

-Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

-Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

4.«Әке мен бала»мәтінінің мазмұнын сұрау.

ә)Ережелер еске түсіру:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар.Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.



IV.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру,сабақтың мақсатын айту.

Мұғалімнің автор жайлы кіріспе әңгімесі.

«Көкемнің ақылы» өлеңін мәнерлеп оқып беру.



Оқу түрлері:

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Теріп оқу. Әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну.



V.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

50-жаттығу.(жазбаша)

1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Д... рігер ауруға д...рі берді.

2....скер күзетте тұр.

3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы.Әріп д..птерлерін таза ұстайды.

4. Әсем с...нді киініп жүреді.

2. Ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.

VІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

51-жаттығу.(ауызша)

1.Сөздерді салыстырып оқыңдар.

от-өт оң-өң тоқ-төк

ор-өртол-төл тор-төр

он-өн қол-көл тос-төс

2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.

3. Сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.

VIІІ.Тіл ұстарту.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болар өзі де.

ІХ. Жаңа материалды пысықтау.Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстарға мысалдар келтіру.

Х. Бекіту кезеңі:Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Қандай тілектер туралы айтылған?

ХІ.Бағалау.Мадақтау.

ХII. Үйге тапсырма: «Көкемнің ақылы»өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Сауат ашу. 18.02.2013 ж.
Сабақтың тақырыбы: Көрші атам. ұ– ү. Өзіндік жұмыс.

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, сәлем беру туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту

Тәрбиелілік:Сәлем беру туралы айта отырып , адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап-күліп аламыз.

Жалқаулықтан қашамыз,

Оқып-білім аламыз.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру.

* Оқушылардан өлеңді диалогтік тұрғыда сұрау.

*Оқушылардың дауыс ырғағын тексеру.

3.Сұрақ-жауап:

ә)Ережелер еске түсіру:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.

-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.

-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.

-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?

-40 әріп,2 таңба.

-Әліпби дегеніміз не?

-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар.Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет