Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ



бет27/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.
Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.
Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.
Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГИМНІ
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Сауат ашу.02.04.2013 ж

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!»



Сабақтың мақсаты:

Ыбырай Алтынсаринді таныту, өлеңмен таныстырып, мазмұнын ашып беру, мәнерлеп оқуға, шапшаң жаттатуға үйрету.



Білімділік: Осы өлең арқылы балаларды оқуға, көп білуге тарту.

Тәрбиелік: Өлеңнің мазмұнын түсіндіру арқылы балаларды білімділікке, адамгершілікке және өнегелі болып өсуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларға сұрақтар беру арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын, білімге деген құштарлық, дүниеге көзқарастарын дамыту.

Әдісі, түрі: танымдық сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарихпен, ән сабағымен.

Ғылыми ізденіс: ауызша сұрақтар, эксперимент сабақ.

Көрнекілік: Ыбырай Алтынсариннің портреті, ойын кестесі, плакатқа жазылған мақал – мәтелдер. Плакатты сурет.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Дайындық,түгендеу,тәртіп,сабақ мақсатын айту.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІІІ.Өткенді қайталау.

а)Ережелерді қайталау.

-Неістеді?Не қылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер нені білдіреді?

Мысал келтір.



ІV.Жаңа сабақ.

ә)Мұғалімнің түсіндіруі.

-Қағаздың түсі қандай?

-Ақ.

Қаламның сиясы қандай?



-Қызыл.т.б.

-Алманың дәмі қандай?

-Тәтті.

-Үйлер ше?



-биік.

б)Ережемен таныстыру.

Қандай?Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын,сапасын білдіреді:қызыл,таза,жеңіл,биік.



в)Кіріспе әңгіме.

-Сабақты бастамас бұрын Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңдегі сауатсыздық мәселесі туралы кіріспе әңгіме айтамын.

- Балалар! Қараңдаршы біз өмір сүріп отырған заманда жоқшылық, сауатсыздық бар ма?

Жоқ, біз қазір көркейген, дамыған, гүлденген бейбіт заманда, егеменді елімізде өмір сүріп отырмыз. Оқуға да, жұмыс жасауға да жолымыз ашық. Ал, ерте кезде, яғни, Қазан төңкерісіне дейін ешқандай оқу, сызу болмады, елімізде сауатсыздық болды. Ата – бабаларымыз кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүрді. Олар күнделікті жейтін тамағы мен киетін киімін ғана біліп отырған, кей кезде ол да болмаған. Сондықтан, байлардың малын бағып, күндік тамағын тапқан, ал сендер сияқты балалар қабырғалары қатаймай жатып байлардың жұмысына аяусыз түскен, олар да мал соңында аш, жалаңаш жүріп күн көрді. Міне, балалар, оқу – тоқудың жоқтығынан осындай күйді халық басынан кешірді. Бірақ соның өзінде сол кезде қызыл тілді шешен, сөз ұсталары, ақындар, жыршылар, күйшілер, әншілер, даналарымыз көп болған. Олардың аузынан шыққан шешендік сөздері, өлең, күйлері халық аузында жатталып бізге жеткен. Халықтың осындай жұпыны өмірін көріп, қараңғылықтың шырмауынан алып шығуға әрекет жасаған, күрескен ағартушылар көп. Олар – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев т.б. – ұлы ақын, ағартушы аталарымыз (суреттерін көрсетемін).

Осындай қараңғылыққа шырақ жаққан, тұңғыш қазақ мектебін ашқан, қазақ алфавитін құрастырған, алғаш әліппе жазған ұлы ағартушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин. Ол 1841 жылы Қостанай облысы, Затобал ауданында туған.

Сендерге арнап көп әңгіме, өлеңдер жазған. Оның өлең, әңгімелерінің берер тәрбиесі мол. Сол еңбектерінің ішінен бүгін сендермен «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқып танысамыз.



V.Мәтінмен жұмыс.

г)Мұғалімнің оқуы.

- Мен сендерге өлеңді жатқа айтып беремін, сендер дұрыс отырып, мұқият тыңдаңдар.

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей – ақ табылар!

Сиса көйлек үстіңде,

Тоқуменен табылған!

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған!

Өнер - білім бәрі де,

Оқуменен табылған!

Балалар! Бұл өлең атына байланысты неге шақырып тұр?

- Оқуға шақырады. «Берген білімді ала білсең, көңіліңе тоқи білсең көзің ашылады, көкірегің оянады, керек нәрсенің барлығы осы білім арқылы келеді», - дейді.

- Балалар, бұл өлең сендерді өнерлі – білімді болуға шақырады. Ол үшін біз не істеуіміз керек? Ол үшін ерінбей оқуымыз керек.

Сауысқан да ерінбей шоқып тамағын табады, ал сендер оқып өз орындарыңды, керек нәрселеріңді табасыңдар дейді.

д)Оқу түрлері:

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Тұтас оқу.

VІ. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.

- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін айтып тұрып түрлі қимылдар жасау \мазмұнына сай\. Әуелі өзім айтып тұрып, оларға қимылын көрсетіп, содан соң оларға айтқызып тұрып, қимылын өзіммен бірге қайталатамын. Осы сергіту сәті арқылы өлеңді әрі жаттатқаным, әрі сергіткенім болып табылады.

Оқулықпен жұмыс.

Балаларға өлеңді оқытамын. Сонан кейін бірінші сыныпта балалар жүгіртіп оқи алмайтын болғандықтан өлеңді естеріне сақтату үшін, жаттату үшін ән сабағымен байланыстырдым. Ән сазымен айтып, балаларға қосылдырып бір – екі рет айтқыздым. Ән сазымен айтқанда балалар өлеңді жаттай бастайды, әрі тілдері жаттыға бастайды. Мысалы, «Оқысаңыз, балалар» деп бастасаң олар одан кейін «Шамнан шырақ жағылар» келетінін біліп өздері айта бастайды.

VІІ. «Адасқан сөзді өз орнына қой».

Плакатқа сөздердің орны ауыстырылып жазылып тақтаға ілінеді.



Кел, балалар көңілге

Оқығанды тоқылық

Ықыласпен оқылық

Балалардың назарын көрнекілікке аударып, өзім оқып беріп, бұрыс – қатесін тапқызамын. Кім дұрыс оқиды сол жеңімпаз атанады.



VІІ. Мақал – мәтелмен жұмыс.

Өнер-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

Оқу – инемен құдық қазғандай.

Білімді – мыңды жығар,

Білімсіз – бірді жығар.



VІІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

VІІІ.Дәптермен жұмыс.

121-жаттығу.(ауызша)

1.Мәнерлеп оқу.

2.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

3.Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?



122-жаттығу.(жазбаша)

1.Оқу.


Биік үй,қызыл орамал,ақылды бала.

2.Сұраққа жауап беріп,көшіріп жазу.

-Қандай үй?

-Қандай орамал?

-Қандай бала?

ІХ.Сабақты қорыту.

- Ал енді, балалар, біз кімнің өлеңімен таныстық?

- Ыбырай Алтынсариннің өлеңімен.

- Ыбырай Алтынсарин кім?

- Ағартушы – ұстаз.

- Бүгін қандай өлеңімен таныстық?

- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңімен оқып, таныстық, ән сазын үйрендік.

- Балалар, бұл өлең бізді неге шақырады?

- Оқуға, білім алуға, өнерлі болуға, ерінбеуге, еңбектенуге тәртіпті болуға.

- Өте дұрыс, балалар.

- Ал кімнің есінде осы өлең аз да болса жатталып қалды, кім айтып бере алады?

Осылай сұрап сабақты аяқтаймын.



Х.Бағалау.

- Балалар, осы өлеңді үйден түгелдей жаттап келіңдер, келесі сабақта тағы да ән сазымен айтамыз. Сонда жаттамаған бала айта алмай қалса ұят болады. Ол үшін барлығымыз да өлеңді жаттап келейік.



ХІ.Үйге тапсырма:136-бет,өлеңді,ережені жаттап келу.


Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:Бас әріппен жазылатын сөздер.«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

Сабақтың мақсаты: еңбек туралы түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу, плакаттағы сурет арқылы проблемалық ой тастап, әңгіменің тақырыбын таптыру. Кеспе қағаз арқылы шығарманың тілін талдату, шығарма жаздыру.

Білімділік: әңгімені оқытқанда олардың назарын әңгіме ішіндегі қолданылып тұрған көркем сөз айшықтарын талдау арқылы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, еңбек адамдарын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: әңгімені талдату арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын, тіл байлығын, сезімін дамыту.

Әдісі, түрі: сахналық сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі \грамматика, морфология\ , биология, еңбек.

Ғылыми ізденіс: кеспе қағаз арқылы тіл ерекшелігін талдау, шығарма жаздыру, сұрақтарға жауап беру.

Көрнекілік: ұстаз портреті, өрмекші, құмырсқа, қарлығаштың суретті плакаты, кеспе қағаздар, шие, таға, балға, тиын.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Дайындық,түгендеу,тәртіп,сабақ мақсатын айту.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІІІ.Өткенді қайталау.

а)Сұрақ-жауап алу

ә) «Екі соқа» мәтінінің толық мазмұнын сұрау.

б)Ережелерді қайталау.

-Кім? Кімдер? деген сұрақтар кімге байланысты қойылады?

-Не? Нелер? деген сұрақтар неге байланысты қойылады?

-Кісінің аты-жөні қандай әріппен басталып жазылады?

-Тағы нелердің аттары бас әріппен басталып жазылады?

Мысал келтір.

IV.Дәптермен жұмыс.

103-жаттығу.(жазбаша)

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және өзен аттарын теріп жазыңдар.

Кісі аттары:...

Өзен аттары:...

104-жаттығу.(ауызша)

1.Мәтінді оқу.

2.Кісі,жер-су аттарын білдіретін сөздерді атау.

V.Жаңа сабақ.

- Балалар, Ыбырай Алтынсарин кім?

- Ұлы ағартушы – ұстаз.

- Кімнің есінде 1 – сыныпта біз Ыбырай атаның қай өлеңін оқыдық?

- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқыдық.

- Ал осы өлеңді кім жатқа айтып бере алады?

\ 1 – 2 оқушыға жатқа айтқызу\

- Бұл өлең бізді неге үйретеді?

- Дұрыс оқып, білім алуға үйретеді.

- Балалар, осы оқудың өзі – еңбек деп аталады. Біз оқымасақ, еңбектенбесек бізге еш нәрсе дайын күйінде келмейді екен. Ол үшін еңбектенуіміз қажет. Ыбырай Алтынсарин тек қана оқуға, өнерлі болуға шақырмайды, сонымен бірге еңбектенуге, ерінбеуге шақырады екен. Сондықтан, біз өзіміз еңбектенуіміз керек. Ал, енді, балалар, біз бүгін Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбына жазылған әңгімесімен танысамыз. Ол үшін әуелі Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін есімізге түсірейік.

-Қандай әңгімелерін білесіңдер?

- «Асыл шөп», «Түлкі мен ешкі», «Асан мен Үсен», Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

- Ал, енді мына суретке қарап бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табайық.

Суретте өрмекші тор құрып жүр, қарлығаш аузында тістеген шөбі бар, ұшып бара жатыр, құмырсқа аузымен дән тістеп, ініне бара жатыр.

-Ал, сонымен тақырыбымыздың аты не болды?

-«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш». Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылды. Енді әрі қарай оқып тақырыптың мазмұнын ашып көрейік.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

Бір – екі оқушыға оқытамын. Содан кейін сұрақ – жауап арқылы тақырыптың мазмұнын ашамын.

- Ал, балалар, мұнан біз не түсіндік? Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?

- Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.

- Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?

Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.

- Кім айтады, әңгімеде өрмекші, құмырсқа, қарлығаш не істеп жүр?

- Өрмекші – тұзақ құрып, маса – шыбын аулап жүр.

- Құмырсқа аузына тістеген бидайы бар, қуанып, балаларына апарып беруге асығып, ініне бара жатыр.

- Ал, қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп тасып жүр.

- Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?

Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.

- Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар?

- Оқу.


- Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!

- Ал енді не түсінгенін кім айтып бере алады?



VІІ. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VIIІ.Мақал – мәтелмен жұмыс.

Әңгімедегі «Еңбек етсең – емерсің» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр оқушының ойын сұрау.



Тақтадағы плакатқа жазылған мақал – мәтелдерге назарларын аударту.

«Еңбек – адамның екінші анасы».

«Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады».

-Тағы қандай еңбек туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер?



IХ.Жұмбақ шештіру.

1.Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,

Күнінде бір отырмас дамыл алып.

Өзінен ауыр жүкті көтереді,

Үйінде жатып жейді рахаттанып.

(Құмырсқа)

2.Ұзын – ұзын ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай,

Ағаш атқа мінгесіп,

Ұзартып қойған мұнардай.

(Өрмекші)

3. Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,

Құрады жібек ауды оң мен солға,

Тартқанда машинасын оң мен солға

Табады қаражатын сонда.



(Шыбынға өрмек құрған өрмекші)

Х.Кеспе қағазбен жұмыс.

-Оқулықтан әкенің балаға айтқан өсиетін оқып бер.

-Әңгімеде «сауал сұрайды» деген сөздің орнына басқа бір қандай мағыналас сөз қолданар едің?

Екі мағыналас қатар тұрған сөзді тап.

- Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі саған ғибрат.



ХІ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ХІІ.Қорытынды.

Сабақты Н.Жанаевтың «Еңбек» деген өлеңімен қорытындыладым.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Оқушыларға «Еңбек – маған не береді?», «Менің әкем – нағыз еңбек адамы» деген тақырыптарға қысқаша шығарма жазуларын тапсырдым. Оқушылар өз әлдерінше, өз түсініктерінше қысқаша жазып берді.



ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХIV.Үйге тапсырма.121,122-бет.

Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айту, еңбек туралы мақал – мәтел жазып келу.



ІҮ сынып. Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Таза бұлақ»

Сабақтың мақсаты: сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын аштырып, кейіпкерлерге ат қойдыру, әңгімені талдатып үш жолаушының қайсысының ойы дұрыс екенін таптыру, анкеталық сауалнама жүргізу, жазушы еңбектерін көбірек білуге үйрету.

Білімділік: әңгімені оқығанда ішіндегі салыстырыла, теңеп берілген сөздер, мағыналас, қарама – қарсы, қос сөздерді таптыру, жазушының тілдік ерекшелігін таныту.

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, оны сүйе білуге, адамгершілікке, шыншылдыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: баланың ой – еркін, ұшқыр қиялын, эстетикалық сезімін ояту, жазушы шығармаларындағы көркем сөз айшықтарын білгізу арқылы баланың тіл мәдениетін арттыру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, табиғаттану.

Ғылыми ізденіс: эксперимент сабақ ауызша тіл көркемдігін салыстыру, жазбаша анкеталық сауалнама жүргізу.

Көрнекілік: плакаттағы сурет, анкеталық сауалнама жазылған плакат, кеспе қағаз.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Өткен материалдармен жұмыс.

3. Жаңа сабақ.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.
51

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады.
- Балалар, бұл – Ыбырай Алтынсариннің табиғат лирикасын жырлаудағы «Өзен» атты өлеңінен үзінді. Өлеңнің бірінші шумағында таудан сарқырап жатқан өзенді бейнелеген де, екінші шумағында сол судан барлық азамат, жан – жануарлар су ішсе көңілдері көтеріліп, рахат табатынын айтып тұр.

Ыбырай Алтынсарин табиғат пен адам өмірін байланыстыра жырлаған. Ақынның «Өзені» де табиғат суреттерін тамаша бейнелейді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан – жануар біткенге өмір нәрін ұсынады. Жалпы ақынның табиғат туралы өлеңдері \поэзиясы\, шағын көркем әңгімелері \прозасы\ бастан – аяқ адам тіршілігіне байланысты. Сондықтан да оның прозасына үңілсек те, поэзиясына үңілсек те тақырыбы, мазмұны, идеясы, тілі – бәрі бір – бірімен байланысып, жымдасып тұрады.

Сонымен, балалар, біз Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне ұқсас «Таза бұлақ» атты әңгімесін оқып, танысамыз. Ақын бұл әңгімесінде табиғат суретін қалай бейнелеген екен.

Оқулықпен жұмыс.

Сыныптағы оқушыларды тыныштандырып, бір оқушыға әңгімені мәнерлетіп оқытамын. Оқып болған соң сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын талқылатамын. Әңгімені жазушының «Өзен» өлеңімен салыстырамын.

- Ал, балалар, бұл әңгімеде кімдер туралы айтып тұр?

- Үш жолаушы туралы айтып тұр.

- Үш жолаушы қайда кездеседі?

- Бұлақтың басында кездеседі.

52

- Бұлақтың тұрған жері, суы қалай суреттелген?

- Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай әдемі, таза бұлақ екен.

-Су шыққан жерге не қойылған?

- Қазандай тасты ойып, қорғаныш қылып қойған.

- Таста не деп сөз жазылған?

- «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!», - деп жазылған.

- Осыны оқығаннан кейін үш жолаушының қайсысы бұрын сөйлейді.

- Бірінші – саудагер, екінші – молда, үшінші - әдемі жас жігіт сөйлейді.

- Осылардың ішінде қай жолаушы тасқа жазылған сөйлемнің мағынасын дұрыс түсінеді?

Әр бала өздерінше талдайды.

- Өте дұрыс, балалар, үшінші жолаушы жас жігіт дұрысын айтады. Яғни, «Болсаң, осы бұлақтай бол!» - дегені сауда жасап баю да емес, жақсылық жасап міндет қылма деген де емес, ол әрқашанда осы бұлақ сияқты сенің де көңілің ашық, таза, адал болсын, ешкімді алдама, пәк бол дегені екен. Ендеше, балалар, біз де осы бұлақ сияқты көңілімізді таза, адал ұстауымыз керек. Ешкімді алдамай, шыншыл, бір – біріңмен дос, бауыр, жолдас болыңдар. Сонда сендер де осы бұлақ сияқты таза болып өсерсіңдер, сонда сендерге айналадағының бәрі ризашылықпен, сүйсіне қарайтын болады.

Рөлге бөліп оқу \автор, саудагер, молда, жас жігіт\.

Әңгімені оқып болған соң ақынның «Өзен» өлеңімен салыстырамын.

- Ал, балалар, не байқадыңдар? «Өзен» атты өлеңі мен «Таза бұлақ» атты әңгімесінде қандай ұқсастық, байланыс бар.

- Иә, екеуінде де таудан аққан өзен, бұлақ сулары шыныдай жылтылдап тұрған таза, айналадағының барлығын өзінің тазалығымен шақырып тұрғанын, адам да, жан – жануар да рахат табатынын, соған ынтық болатын айтады.

53

Сабақты қорыту. Анкеталық сауалнама беру арқылы.

Аса талантты педагог ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің есімі қашан да болсын уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өзінің туған халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өзінің туған жерін, халқын шексіз сүйіп, оған бүкіл қызмет еткенін айтып қорытамын.

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін айтып келуге жаттығу. «Мен төртінші жолаушы болсам» - деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет