САБАҚ ЖОСПАРЫ
Оқытушының аты-жөні: Акимжанова Гаухар Сауалхановна
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «Б» 5 «А»
Мерзімі: 16.11.2015 18.11.2015
1. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ шешу
2. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Жұмбақтар, олардың мәні, жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білім, білік, дағдыларын, логикалық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік санасын қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Сабақтың түрі: ББД дамыту сабағы
4. Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы
5. Сабақтың жабдығы: үлестірмелі парақшалар, кестелер
6. Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезең: Амандасу, оқушыларды түгендеу, кабинеттің тазалығын қадағалау, жаңа білім беру сабағына дайындық жүргізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Ой шақыру стратегиясы». Мақал-мәтел дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
1. Топтастыру. «Жұмбақтар».
2. Оқулықта берілген жұмбақтарды оқып, шешуін табыңдар.
ІҮ. Бекіту кезеңі:
1-қадам. «Білу». Қандай тақырыптарға топтастырылған жұмбақтармен таныстыңдар?
2-қадам. «Түсіну». Неліктен күнбағысты күнге теңейміз?
3-қадам. «Талдау». Мақал-мәтелдер ман жұмбақтарды таныстырыңдар. Жауаптарыңды Венн диаграммасы арқылы көрсетіңдер.
4-қадам. «Жинақтау». Бір-біріңе жұмбақ жасырыңдар.
5-қадам. «Қолдану». 1. Өздерің қалаған заттың атынан жұмбақтап сөйлеңдер немесе қимылмен көрсетіңдер. Басқа оқушылар не екенін анықтасын.
2.Балалар! Жұмбақ жасырудың өзіндік әдістері мен тәсілдері бар екен. Ол үшін жұмбақ құрастырудың логикасын білуіміз керек. Алдымен тірек кесте жасап үйренейік. Мысалы, «Доп» сөзіне жұмбақ жасырып көрейік:
Неге ұқсайды?
|
Айырмашылығы қандай?
|
Алма
|
Жеуге болмайды
|
Шар
|
Жарылмайды
|
Қандай?
|
Тағы неге ұқсатуға болады?
|
Домалақ
|
Қарбыз
|
Резеңке
|
Дөңгелек
|
Не істейді
|
Тағы не сондай?
|
Ұшады
|
Құс
|
Секіреді
|
Қоян
|
Кестеде көрсетілген белгілерді пайдалана отырып, қандай жұмбақ құрастыруға болады? Қане, кім тапқыр? Мысалы, «Үстел» сөзіне келесі тірек кестені жасауға болады:
Бөліктерді атауы
|
Бөліктер саны
|
Аяқтары
|
4
|
Қақпағы
|
1
|
Кестеде көрсетілген бөліктер бойынша «Төрт аяқты, бір қақпақты. Ол не?» деген жұмбақ құрастыруға болады екен. Бір-бірлеріңе жұмбақ жасырып көріңдер. Кімнің жұмбағы сәтті шығар екен?
6-қадам. «Баға беру». Қалай ойлайсыңдар, жұмбақтардың пайдасы бар ма? Жұмбақ құрастыру оңай ма, қиын ба?
Ү. Қорытындылау: Рефлексия. Сендерге сабақ ұнады ма? Қандай тасырмалар ұнады?
Қай тапсырмалар қиын болды?
ҮІ. Үйге тапсырма: 51-бет. Тыйым сөздері жаттау.
ҮІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |