01.03.2016
|
Ашық сабақ
|
4 «Ә» сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
|
Сабақтың мақсаты
|
«Су қойма» деген ұғымының мағынасын түсіндіру арқылы еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімді еске түсіру. Су ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері жануарларының алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы алған білімдерін пайдалана білуін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін білуді үйренеді. Топтық жұмыс арқылы қызығушылық артады.
|
Сілтеме
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей)
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Топтық тапсырмалар,жұптық жұмыс, ойын әдістері , 4 модуль, АКТ интерактивті тақта
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
I.Ұйымдастыру бөлімі
|
Психологиялық ахуал
«Ақ тілек.Әсем күлкі»
-Көңіл – күйлеріңіз қалай?
-Керемет!
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша!
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап!
-Ендеше сабағымызды бастайық!
-О,о,о
Оқушыларды төрт топқа бөлу.Мозайка арқылы топқа бөлу
|
(Қолдарын көтереді)
(Алақандарын шапалақтайды)
(Қолдарын көтереді)
(Бас бармағын көтереді)
Оқушылар 4 топқа бөлінеді (Жәндіктер, өсімдіктер, жануарлар,құстар)
|
II.Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй тапсырмасын әр топтан сұрау
|
Әр топтан жауап береді
|
Ш.Өткен сабақты пысықтау
Ой шақыру
|
«Хат келді « ойыны арқылы Орман-тоғай өсімдіктері ата
Орман тоғайда қандай жануарлар мекендейді?
Орман – тоғайда қандай құстар тіршілік етеді?
Орман тоғайда қандай ағаштар өседі?
Қандай гүл “Қызыл кітапқа” енген?
|
Әр топтан өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
|
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
|
Бейне жазба арқылы жаңа тақырыпты шығару. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше оқытып түсінгендерін сұрау
|
Оқушылар өздері оқулықты оқып түсінгендерін айтып береді.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Қар кесегі» ойыны арқылы әр топ бір – біріне кесек лақтыру арқылы сұрақ қояды
|
Әр топтан сұраққа жауап береді
|
Сұрақ - жауап
|
1.Суқойма өсімдіктерінің тамыры, жапырағы мен гүлі нелер үшін таптырмас азық?(құстар үшін)
2.Шаяндар не істейді? (Суды тазалайды)
3. Балдырлардың тамыры бола ма?(болмайды)
4. Құрақ қандай өсімдік? (иілгіш, биік)
5.Ондатр мен құндыз балаларын немен қоректендіреді? (сүтпен)
6.Кәмшат нені қорек етеді? (балықтарды)
|
Оқушылар сұраққа жауап береді
|
Сергіту сәті
|
Белсенді тақта арқылы
|
Оқушылар белсенді тақта арқылы қайталайды
|
Топтық жұмыс
|
1 топ: Су қоймасы өсімдіктері
2 топ: Су қойма жануарлары
3 топ: Инелік дернәсілі
4 топ: Су қоймасындағы құстар мен аңдар
|
Постерге бір – бірімен ақылдасып, бірігіп жұмыс жасау арқылы постерге салады
|
Жұптық жұмыс
|
Әр жұпқа тапсырма беріледі
|
Жұп болып жұмыс жасайды
|
Қорытынды
|
Тест тапсырм аларды орындау
1.Қамыс 1.Су қоймада көп кездесетін
2.Бақа 2.Су тазалайды
3.Құндыз 3.Қамыстың биіктігі
4.Тұңғиық 4.Жәндіктермен қоректенеді
5.Бір жарым 5. Мөлдір тұщы суда мекен.
6.Шаяндар 6.Су қоймалардың бетінен көруге болады.
7.Шаяндар 7.Көп жылдық өсімдіктер
|
Оқушылар тест тапсырмасын орындайды
|
Рефлексия
|
Білім ағашына өздерінің сабақта алған білімдерін стикерге жаздыру
|
Өздерінің тілектерін стикерге жазып білім ағашына жапсырады
|
Бағалау
|
Смайликпен бағалау, топ басшылары бірін – бірін бағалау
|
Топ басшылары қарсы топты бағалайды
|
Үйге
|
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын оқып мазмұндап келу
Су туралы мақал – мәтел жазу
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады
|