Тақырыбы : Түйістіре және бұрыштық пісіру жұмыстарын орындау
Өндірістік оқыту шебері : Д. Маткаримов
Сабақ жоспары
Оқу тобы :
Мамандығы : «Дәнекерлеу ісі»
Сабақтың тақырыбы : Түйістіре және бұрыштық пісіру жұмыстарын орындау
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Студенттерге бұрыштық пісіріп, жалғастыру түрлерін үйрету
Тәрбиелік : Студенттерді мамандығына деген қызығушылығын ояту, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : Студенттерді псіру жұмыстары кезінде, пісіру жіктерін сапалы орындауға қалыптастыру.
Сабақтың оқу – материалдық жабдықталуы :
ВХ6-415пісіру трансформаторы, УОНИ-13/45, D= 3 мм электродтары, болат СТ – 10 жұқа табақты болат, пісіру балғасы, слесарлық балға, сызғыш, бор, оқулық, оқу плакаты.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, журналға белгі соғу
2.Оқушылардың арнаулы жұмыс киіміне назар аудару.
ІІ.Кіріспе нұсқау
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Б) Өткен сабақтан оқушылардың білімін тексеру
Кеспе қағаздары арқылы студенттерге сұрақтар беру.
1. Т аврлы қосылыстың анықтамасы
2. Таврлы қосылыстың шартты белгіленуі және таврлы қосылысқа мысал келтіру
3. Металл қырларын және құбырларды өңдегенде қандай құралдар қолданамыз ?
4. Құбырлы айналдырып пісіру кезінде оттық пен сым аралығы қанша градус өлшемде болады ?
а) сол тәсіл үшін
б)
5. Ж оң тәсіл үшініктердің кеңістікке орналасуы, сызбада көрсету
6. Жұқа табақты болаттарды кесу құралдары
7. Қораптарды пісіру реті
ІІІ. Жаңа сабақ материалдарынан студенттерге нұсқау беру
1. Пісіру трансформаторы мен пісіру жабдықтарын жұмысқа әзірлеу
2. Пісіру трансформаторын тоқ көзіне қосу
3. Арба қорапшасының астыңғы бөлігін, ұзындығы мен енін өлшеу
4. Арба қорапшасының астыңғы бөлігінің оң жақ бүйірлік жағын пісіру
5. Арба қорапшасының астыңғы бөлігінің сол жақ бүйірлік жағын пісіру
6. Арба қорапшасының артқы жақтауын пісіру
7. Арба қорапшасының алдыңғы жақтауын пісіру
8. Пісіру жігін сапалы орындау
ІҮ. Студенттердің өндірістік жұмыстары мен ағымдағы нұсқауы
1. Студенттерге технологиялық нұсқау картаны беру, жұмыс орындарына бөлу
2. Студенттердің жұмыс орнынынң дайындығы және басталуын қадағалау
3. Оқушылардың жаттығу жұмыстары
А) Арба қорапшасының бүйір жақтарын (2 дана ұзындығы 700 мм, ені – 200 мм) өлшеу
Б) Арба қорапшасының алдыңғы жақтауы (1 дана ұзындығы – 500 мм, ені – 200 мм) өлшеу
В) Арба қорапшасының артқы жақтауы (1 дана ұзындығы – 500 мм, ені – 200 мм) өлшеу
Г) Арба қорапшасының негізін құрастыру. Қондыру технологиялық операциясының реттілігі мен пісіру жұмыстарын орыдау. Пісіру жіктеріндегі ақауларды тауып, жөндеу тәсілдерін орындау.
4. Жұмыс қалпының дұрыстығы, электрод қозғалысын және пісіру жіктерінің дұрыстығын қадағалау
5. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау деңгейін тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау
6. Орындалған жұмыстарды қадағалау
7. Жұмыс орындарын тазалау және жинастыру
Ү. Қорытынды нұсқау
1.Жіберілген қателіктерді ескерту, жою, түзету
2.Студенттердің білімін бағалау
3.Үйге тапсырма
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер:
1.В.А.Чебан «Пісіру жұмыстары»
2.Т.М. Шакирова «Газ және электрмен пісіру »
3.Н.И.Никифоров «Газбен пісірушілер мен кесушілердің анықтамалығы» Тәрбие.орг сайтынан Түйістіре және бұрыштық пісіру жұмыстарын орындау Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Достарыңызбен бөлісу: |