Сезімдік , әсерлік қарым-қатынаста болу , яғни эмпатиялық қарым –қатынаста болу
«Сөз-ең маңызды педагогикалық құрал. Оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың» , - деп оның маңызына ерекше назар аударған белгілі педагог Василий Александрович Сухомлинский мұғалім сөзінің ерекше маңыздылығына назар аударған.
Белгілі қазақ педагогы Ыбырай Алтынсариннің айту бойынша , «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс деген әдемі түйін айтқан.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста үш жіктеме беріледі: 1.Ақпараттық;,
2.Тәрбиелік;
3.Әртүрлі әрекет барысында; кәсіби педагогикалық қатынас болып бөлінеді
Ақпараттық -------қатынас қарым-қатынас арқылы әртүрлі тұрмыстық , оқу –әдістемелік , ізденушілік , ғылыми зерттеу;
Тәрбиелік -------- адамдарды қоғамдағы мәдени және адамгершілік құндылықтарға қатынастыру;
Әртүрлі әрекет барысында--------- оқу, өндіріс, ғылыми, танымдық т.б қызмет көрсетуге бағытталған қызметтің түрлері
Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:
Оқытушының модельдеуі, болашақ қызметін бейнелеу;
Сыныппен , студенттермен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
Педагогикалық басқа адамға немесе процесте қарым-қатынасты басқару;
Қарым-қатынас , модельдеу жүйесін талдау