Сабақ жоспары Пән : Информатика



Дата15.06.2020
өлшемі105,5 Kb.
#73458
түріСабақ
Байланысты:
НТМL-редакторы. Интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары.


Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК


Cабақ жоспары №

Оқу тобы

Оқушылар саны

Өткізу мерзімі

33

































Сабақ жоспары

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: НТМL-редакторы. Интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғаламтор, НТМL-редакторы,Интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың html тілі, сайт бетінің құрылымы, html тілінің визуалды редакторы компьютерлік желілердің классификациясымен Internet-пен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың ресурстары: Дербес компьютер, слайд, тапсырмалар парағы.

Пәнаралық байланыстар: қолданбалы информатика, математика.
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин): Аудиторияны сабаққа дайындау, студенттердің назарын сабаққа жұмылдыру, студенттерді түгелдеу, ақ халатпен отырғызу.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Білімді бақылауды ұйымдастыру (15мин): (сұрақтар мен тесттерге жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұраймын)

1.Компьютерлік желі дегеніміз не?
2.Жергілікті желінің қызметі қандай?
3.Корпоративті және аймақтық желлер деген не?
4.Шлюз деп нені атайды?
5.Желілік құрылғыға не жатады?
6.Желілік адаптердің қызметі қандай?
7.Интернетке қандай анықтама беруге болады?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (50 мин):

Өзіндік Web-бет жасауға кірісер алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу қажет. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бұл – Web-серверде жататын беттердің HTML пішіміндегі жинағы.

Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы – гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда маус меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мәтіндер гипермәтін деп аталады.Гипермәтін терминін алғаш рет америкалық әлеуметтанушы, философ Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді.



HTML тілі «гипермәндік белгілеу тілі» болып табылады. HTML файлы дегеніміз – htm немесе html кеңейту, браузерімізде (браузер – Интернеттің терезесі іспеттес, мысалы, lnternet Exploler немесе Netscape Navigator) көретін беттік мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар – тегалар. Көп жағдайларда бұл тілді білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі – кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине, Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б.

HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады: бірі−ашадыекіншісі−жабады. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.



HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тегтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін Блокнотты пайдалана беруге болады.

  • HTML құжатының кез келгені тегінен басталып, соған сәйкес түріндегі жабылу тегімен аяқталады.

  • Құжаттың тақырыптық бөлігі және тегтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті … тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады.

  • Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын …

HTML – гипермəтінді белгілеу мен Web-беттерді байланыстыруға негізделген программалау тілі. Интернетте қолданылатын ақпараттардың көпшілігі Web-беттер түрінде HTML тілінде жазылған арнаулы файлдарда болады. Сондықтан қазіргі заманда əрбір пайдаланушы HTML тілін оқып-үйреніп, жетік меңгеруі қажет. Себебі бұл тіл Интернеттегі мəтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды əрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілеу мүмкіндігі бар болғандықтан көпшілік қолданысына тез ие болған.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.



HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер «кіші»(<) символынан басталады да «үлкен»(>)символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздерорналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқағана әсер етеді. Сондықтан да  ашылатын және жабылатын – жұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы:

1)барлық құжат  тегімен басталады да,  сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;

2)HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі   және  - тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;



3)</b>  және <b> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;

4)Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет