Сабақ жоспары: Пән: Ана тілі Сабақ өтілетін күн: 25. 02. 2015 Орны: 20 кабинет Барлық оқушы саны-19



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі215,49 Kb.
#10001
түріСабақ
  1   2


Мұғалімнің аты-жөні: Бекболатова Дана Каиролдановна

Еңбек өтілі:35 жыл

Жұмыс орны: Сарқан қаласы Абай атындағы мектеп-гимназия

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Категория: Жоғары

Сабақ жоспары:

Пән: Ана тілі

Сабақ өтілетін күн:25.02.2015

Орны: 20 кабинет

Барлық оқушы саны-19

Сабақ тақырыбы:Ұшып келем

Мақсаты:Оқушыларға С.Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту, байланыстырып сөйлеу шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту, туған жердің құдыретін дәріптеу

Түйінді идея:Туған жердің қадірін түсіне білу, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

Әдістер: «Бір айналым сөйлем», «Конверттегі сұрақ», «Домино», «Қабырғаға қарап оқу», «Лездеме», «Жанды суреттер»,синквейн, постер , эссе,

Көрнекіліктер:интербелсенді тақта, стикерлер, А-3 форматы, фломастер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар,желім, қайшы, ұшақтың,тік ұшақтың,зымыранның,құстың,ұшқыштың суреті, смайликтер, парақшалар, «Бағдаршам», «Шығу парағы», «Бағалау парағы»,

Оқыту нәтижелері:-С.Жиенбаев туралы мәлімет алады

-өлеңнің негізгі идеясын ұғынады;

- мәнерлі оқу, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылады;

- шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдырылады;

- өлең бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады;

- туған жер тақырыбына мақал-мәтелдерді біледі;

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Сабақ кезеңдері:










1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру;

Сабаққа психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Әр оқушының алдында жеке өз білімін бағалау парағын таратамын.Әр топқа 4 парақтан.





Оқушылар орындарынан тұрып тақтадағы жазылған сөздер арқылы қимыл жасайды.

-Егер мектепке көңілді келсеңдер-оң қолдарыңды көтеріңдер

-Егер достарыңмен бірлесе жұмыс жасайтын болсаңдар-сол қолдарыңды көтеріңдер

-Егерде бүгінгі сабағымыз өте қызықты өтеді десеңдер-аяқтарыңды қозғаңдар

-Егер де ана тілі пәні ұнайды десеңдер-ду қол шапалақтаңдар

-Егер де Қазақстанның болашағы біздің қолымызда десеңдер барлықтарың қол ұстасыңдар.



Қошемет

Үй тапсырмасын тексеру


Бағалау (топты бағалау,өзін-өзі бағалау) парағын таратып береді.
«Қызықты жазулар» стратегиясы

Сабақ басталмас бұрын партаның астына стикерлер жапсырып қою.Сол стикерді тапқан бала үй тапсырмасын айтады.




Оқушылар парта астындағы стикерді алып үй тапсырмасын айтады.

1 топ:«5 жолды өлең» Астана және Алматы(2бала)

2 топ:Мақтанышым Астанам Эссе жазу(1бала)

3 топ:Астана сөзіне сөзжұмбақ (1 бала)

4 топ: «Лездеме» Екі оқушы шығып конверттен бір-біріне көрсетпей кезекпен қағазда жазылған сөзді алады.Сол алған сөзді атамай досына мағынасын түсіндіру керек. (Алматы,Астана)


Бағалау парағы бойынша топта талдап отырып, бір-бірін бағалай-ды.Жұпта бір-бірінің жұмысын бағалайды.













Топқа бөлу

«Домино»әдісі


Топқа бөлу.Оқушыларға

түрлі- түсті

қағаздардан қиылған ұшақтың,құстың,зымыран

ның,тік ұшақтың суреттері таратылып береді. Оның артында мақал- мәтелдер жазылған.

Тапсырма: Қай топ тез арада мақал-мәтел құрар екен. Шапшаң құраудың жолын өздерің ойлап тапқандарың абзал.

Сұрақ: қалай тез құрап жібердіңдер?

-Бұл мақалдардың ұқсастығы неде?

-Бүгін сабақта не туралы сөз қозғаймыз?



АКТ суреттер

-Ұшақ , жылқы,туған жер,құс,зымыран суреттерінің бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар?

-Сабағымыз қандай мақсатпен өтеді деп ойлайсыңдар?

Топ басшыларын сайлау

Топ басшыларын, өз топтарыңызда ақылдасып сайлау керек. Топ басшылары партада жатқан топқа арналған бағалау парағын толтырып отыру қажет.



 Бағалау парағын таратып береді.



Оқушылар тыңдалу аймағына шеңбер құрып тұрады. «Домино» әдісі арқылы мақал- мәтелді құрап оқиды.

Қолдарындағы суретті қағазға жапсырып іледі.Қағаздың түсі арқылы топталуды оқушылар өздері ойлап табуы қажет.

Қандай мақал- мәтел шыққанын оқиды.

1-топ: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2-топ: Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары.

3-топ: Туған жердің күні де, түні де ыстық.

4-топ: Туған жердің ауасы да шипа. 

Оқушылар мақал-мәтелдердің туған жер тақырыбына байланысты алынғанын айтады.


Тақтадағы жылқы,туған жер,құс,зымыран,ұшақ суреттерін бір-бірімен байланыстырып көреді.

Топ басшыларын, өз топтарыңызда ақылдасып сайлау керек. Топ басшылары партада жатқантопқа арналған бағалау парағын толтырып отыру қажет. Бағалау парағын таратып береді.




Қошемет

2-кезең. Мағынаны ажырату:
-оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты меңгереді


АКТ арқылы ақынның шығармашылығынан бейнефильм
Қосымша дерек беріледі.



«Қабырғаға қарап оқу» стратегиясын қолданады.


С.Жиенбаев туралы оқушыларға бейне фильм көрсетіледі.
Дарынды оқушы автордың шығармашылығынан слайд көрсетеді.
Оқушылар дәптерге күнді, мәтіннің тақырыбын жазып алады.

С.Жиенбаев туралы қажет деп тапқан мәліметтерін түртіп алады.

Оқушылар тыңдап отырып, өздеріне түсініксіз сөздерді, өлең не жайында айтылғаны жайлы

ойлап отырады.

Мәтінді оқушылардың жекелей оқиды.Жұпта бір-біріне оқып береді.Негізгі идеясын табуға тырысады


Мадақтау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет