Сабақ жоспары пән аты: Информатика Класы: 11 Жаратылыстану- математикалық бағыт



Дата21.07.2017
өлшемі33,45 Kb.
#21455
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика

Класы: 11

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: FrontPage редакторының мүмкіндіктері

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: 
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру

деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.

Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. Frontрage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар – іс бітті. Frontрage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі – оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде. Бұл дегеніміз – олардың браузердегі көрінісі Редакторындағыдай болады деген сөз. Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Ендігі жерде беттің Редакторында дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр. FrontPage Редакторында жұмыс істеуге өте ұқсайды. Мұнда да жартылай қара қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияның қайталау және орындатпай сиықты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймермдер құру өте ыңғайлы. Редакторда кестелер және фреймдер құру өте ыңғайлы. Фреймдер жөнінде алдағы уақытта білеміз.

Редакторды іске қосу.

Редакторды іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындаңдар:

Пуск → Программы → Microsoft FrontPage

Іске қосқанда Редактор екі менюі бар терезені ашады. Терезенің жоғарғы бөлігінде көрінісі Office қолданбасының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және инструменттер панельдері орналасқан. Сол жақтағы меню арнайы FrontPage үшін жасалған, бұл – жұмыс түрлері немесе режимдері менюі.

Standart(Стандартная), Fotmat (Форматирование), lmage(Рисование), Forms(Формы), Аdvanced(Дополнительно), Таble(Таблица) инструменттер панельдері View(Вид) менюі арқылы басқаруға және Word-тағыдай бұл панельдерді View(Вид) командасымен алып тастауға немесе қосуға болады.

Views сол жақ инструменттер панельдерін қарастырайық:

  1. Page – бетті редакциялау экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан үш қосымша беті бар құрамдас беттер редакторын шақыртады.

Normal (Обычный вид) – Бетті визуальды (Word-тағыдай жасау)

HTML (Код HTML) – HTML режимінде редакциялау

Preview (Предварительный просмотр) – Нәтижені браузердегідей қарау.

Үйге тапсырма

FrontPage редакторының мүмкіндіктері

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет