ТЕКСЕРІЛДІ
«Бакалавриат» мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
А.Ж.Омбаева ____________________
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5 «Б»
Мерзімі: 07.12.2016
Мұғалімі: Тулегенова Сания Батырбековна
Тақырыбы: Электронды поштаны пайдалану
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға электронды поштаның тарихы және пайдалануы туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Оқушылардың білімін тіл-танымдық, мәдениет танымдық, ұлттық-әлеуметтік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру.
Мәтінді оқып мазмұндау, тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөйлемдер құрастыра алу. Оқушыларға сын-қимыл үстеуді түсіндіру, тіл дыбыстарын пысықтай отырып, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, ғылыми ізденушілік қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Жазба тілін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанын, елін, туған жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ата-ана алдындағы парызын білуге, қоғамдық ортада өзін-өзі игере алуға тәрбиелеу. Дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ЖИГСО» әдісі, мәнерлеп оқу, жаттығу жұмыстары, қимақағаздармен жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелеу, диалог құру, өзіндік бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ребус, тақырып бойынша видео сабақ, интербелсенді тақта, слайд.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
* сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
* оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
* оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
* оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
«Шаттық шеңбері». Оқушылар бір-біріне жүрек жарды лебіздерін білдіреді.
Сынып екі топқа бөлінеді. «Еgov.kz» және «Nur.kz»
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
а) Берілген тапсырманы тексеру.
ә) Кемшіліктермен қателіктерін пысықтап анықтау, жіберген қателерімен жұмыс жасау.
Тіл дамыту. 3-тапсырма, 49 бет.
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру.
а) өткен тақырыптарға шолу жасау;
ә) өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру;
в) жаңа сабақтың мақсатын айту.
4. Сабақтың мақсатын айту.
Сабақтың мақсаты: Электронды поштаның тарихы және пайдалануы туралы мағлұмат алу және грамматикалық тақырыбымыз – сан есімнің түрлері, оның ішінде реттік сан есім.
Слайд. Электронды поштаның тарихы және пайдалануы туралы.
Видео сабақ.
5. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.
Оқылым, тыңдалым, тілдесім, жазылым әрекеттері.
Грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Жаңа сөздермен жұмыс:
а) Сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
ә) Сөздердің грамматикалық жасалу жолдарын анықтау.
б) Сөздермен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру.
Әлеуметтік желі – социальная сеть Кеңінен – широко
Мәлімет – информация Кәдімгі – обычный
Пошта жәшігі – почтовый ящик Елеулі – значительное
Жылдамдық – скорость Тұтынушы – пользователь
Көшірме – копия Қызметкерлер - сотрудники
Мүмкіндік – возможность
Оқылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттері.
Мәтінмен жұмыс
а) Мәтін мазмұнын түсіндіру.
ә) Мәнерлеп оқу.
б) Жалпылай, жекелей айту.
в) Жұптық жұмыс.
г) Мәтіннің мазмұнын айту.
«ЖИГСО» әдісі бойынша топтарға мәтін беріледі. Әр топ берілген мәтіндерімен танысып, келесі топқа түсіндіреді.
«Nur.kz» сайты
E-mail бәрімізге белгілі – электронды пошта. Ол әртүрлі жазыла береді, мысалы, e-mail, email немесе eMail. Электронды поштаның пайда болу кезін 1965 жыл деп айтуға болады. Себебі сол жылы Массачусетс технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және Том Ван Влек MAIL бағдарламасын ойлап дайындаған еді.
Электронды пошта – адамзаттың тиімді, ұтымды ойлап тапқан нәрсесі. Мұндай пошта бірнеше секундта жетіп келеді.Тағы да тиімдісі – электронды пошта арқылы тек мәтін жібермейсің, ол арқылы фотосуреттерді, бейнероликтерді,файлдарды жібере аласың.
«Еgov.kz» сайты
Қазіргі кезде электронды пошта кеңінен қолданылып келеді. Поштаның не екенін білеміз. Ол – кем дегенде екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асу үшін мекен-жайы көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек.
Ал электронды пошта дегеніміз не? Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады.
Айтылым, жазылым әрекеттері.
Ережелерді есте сақтаңыздар.
Сан есім – заттың санын, ретін және қимылдың мөлшерін білдіреді.
Сұрақтары: қанша? неше? нешінші? нешеу? нешеден?
Түрлері (Типы)
|
Мысалдар (Примеры)
|
І. Тұлғасына қарай
(По способу образования)
|
1. Негізгі (Непроизводные)
|
бір, екі, үш, төрт, бес, отыз, елу, жүз, мың, т.б.
|
2. Туынды (Производные)
|
бірінші, екінші, біреу, ондай, мыңдаған, т.б.
|
ІІ. Құрамына қарай (По составу)
|
1. Дара (Простые)
|
бір, екі, үш, он, отыз, алпыс, жүз, мың, т.б.
|
2. Күрделі (Сложные)
|
он төрт, жиырма бес, жүз он жеті, екі-екіден, оннан екі, екі мың отыз, қырық бестей, тоғызға жуық, т.б.
|
ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)
|
1. Есептік (Количественные)
|
бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.
|
2. Реттік (Порядковые)
|
бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.
|
3. Жинақтық (Собирательные)
|
біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
|
4. Топтау (Группирующие)
|
бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.
|
5. Болжалдық (Приблизительные)
|
бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.
|
6. Бөлшектік (Дробные)
|
екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.
|
2-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазыңдар.
1. Электронды хат – компьютер желісі арқылы жіберілетін мәтін және кескін... . 2. Электронды пошта... пайдалану үшін келісімшартқа отыруыңыз керек.3. Электронды пошта... пайдалану құқығы жеке тұлғаға беріледі. 4. Қолданатын электронды пошта тіркелгісі мен мекен-жайын орнатқан соң, электронды пошта хабарламалары... жіберіп және алып тұруға болады.
4-тапсырма. Сөйлемдерге сан есімді қойып жазыңдар.
Біздің кабинетте ..... компьютер бар.
Біздің компьютерлік кабинет .... қабатта орналасқан.
Кабинетте .... оқушы отырып жұмыс істей алады.
Осы кабинетте .... интерактивті тақта бар.
6. Жаңа материалды меңгерту дәрежесін тексеру кезеңі.
1-тапсырма. Кестелерді пайдаланып, диалог құраңдар.
Электронды поштамен
КІМ?
|
КІМГЕ?
|
НЕ ІСТЕДІ?
|
Мен
Анар
Асан
|
досыма
анасына
әкесіне
|
хат жібердім.
құттықтау хат салды.
суреттерін салып жіберді
|
7.Сергіту сәті.
Логикалық сауалдар
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: Үш стакан
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Жауабы: Жанат ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
8. Жаңа материалды бекіту кезеңі.
Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктігін қалыптастыру.
Қимақағаздармен жұмыс.
9. Жаңа сабақты қорытындылау: (жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру).
Айтылым әрекеттері.
Пошта мен электронды поштаның айырмашылығы қандай?
Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі қандай?
Электронды поштаның жылдамдығы немен бірдей?
Электронды поштада хабарлама қалай жеткізіледі?
Хабарламаларды электронды поштада қалай қолдануға болады?
10.Бақылау кезеңі және өзін-өзі бақылау кезеңі.
Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау. Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіншілігін дамыту.
11. Сабақты бағалау кезеңі. Өзара бағалау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру. Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.
12. Рефлексия: Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.
13. Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау. 5-тапсырма. Реттік сан есімнің жұрнақтары арқылы сөйлем құрау. Оқулық - 50 бет.
Мұғалімнің қолы________________________
Достарыңызбен бөлісу: |