Сабақ жоспары Пән: Қазақстан тарихы



Дата05.06.2017
өлшемі84,65 Kb.
#18163
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Мектеп: «16 ЖББОМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Тиникенова А.К.

Сынып: 7«А»

Қатысқандар

саны:22

Қатыспағандар

саны:1

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Қазақ хандығындағы Тәуке хан мен билердің жүргізген ішкі-сыртқы саясаты туралы өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазақ хандығының құрылуын және алғашқы хандарды біледі.




Оқушылардың басым бөлігі: Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуекел, Есім хандарының билікке келгені туралы шолу жасай алады.




Кейбір оқушылар: Қазақ хандарының ішкі-сыртқы, дипломатиялық қарым-қатынасы жайлы анық айта отырып, шығармашылықпен жұмыс істейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтінмен, АКТ-мен жұмыс жасай алады. Белгілі бір хан жайында ауызша журнал дайындай алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер: Хан. Би. Жеті жарғы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер: Жазылым. Оқылым.

Талқылауға арналған тармақтар: Тәуке ханның «Жеті жарғысы», «Билер кеңесі».

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ тарихында ерекше орын алады?

Жазылым бойынша ұсыныстар: «Берілген сөйлемді толықтыру» стратегиясы.

Алдыңғы тақырып

Есім хан

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басы


Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут).

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты 5 оқушыдан 4 топқа бөлу (түстер бойынша). Ынтымақтастық ахуал жасау.

Үй тапсырмасын сұрау: (3 минут )

«Эстафеталық сұрақ» әдісі. Оқушылардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. (Сұраққа жылдам, әрі дұрыс жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы мадақтау).



Түрлі-түсті қағаздар

Сұрақтар
Смайликтер



Ортасы


Негізгі бөлім:

А)«Миға шабуыл» стратегиясы: (2 минут)

Оқушыларға интерактивті тақтадан Қазақ хандары мен билері бейнеленген коллаж көрсетіледі (слайд 1)

Мына коллажда кімдер бейнеленген?

Кімді тани алдыңдар? Атап бере аласындар ма?

(оқушылар хандарды, билерді атайды).

Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.



Ә)«Жазылым. Оқылым» (5 минут)

«Берілген сөйлемді толықтыру» әдісі.

Алғашқы қазақ хандары...... (слайд 2)

(сөйлемді толықтырып жазуға тапсырма беріледі). Бірінші жұп болып толықтырып жазады. Сосын оны топ болып толықтырып жазады. Берілетін уақыт-3 минуттан жазуға. Жазғандарын оқиды. 2-минутта смайликтер арқылы мадақталады.



Б) Мұғалімнің тақырыпқа кіріспе сөзі: (2 минут)

В) Топтарға тапсырма беріледі. (10 минут)

І топ- Тәуке ханның ішкі-сыртқы саясаты. «Тұжырымдылық карты».Тұжырымдылық карта жасау (постер) тапсырылады. Картаға ойдың түйінді идеясын, сурет, кесте т.б. салуға болады.

ІІ топ - «Жеті жарғы» заңдар жинағы. «555» әдісі бойынша бес беттік ақпараттық-танымдық журнал дайындауға тапсырма беріледі. Топ журнал дайындау үшін 5 зат беріледі. Осы бес затты қолдану арқылы ғана жасайды. Журналға ат қою, бес бетті толтыру, әр беттің тақырыптық айдарының болуына ұсыныс жасалады

ІІІ топ - Билер кеңесінің рөлі қандай? «Артықшылықтар мен кемшіліктері» әдісінде, ауызша тізіп айтып беру.

ІV топ - Ұлы билердің өміріне саяхат (картаға салып, түсіндіру).

V топ - Қазақ хандығанан бастау ала отырып, жалғасын тапқан «Мәңгілік Ел» идеясының алтыншы құндылығына «Еркін микрофон» әдісі.

Жұмыстарын қорғау (әр топқа 2 минут).

Оқушылардың жұмысы критерий арқылы бағаланады. (Сағат тілімен топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды) Бағалау парақшасы интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады.



Бағалау критерийлері (дискриптор)




критерийлер

ұпай

1

Тақырыптың ашылуы, мазмұны

3

2

Берілген заттарды қолдана алуы

5, 4, 3...

3

Безендірілуі, түстердің сәйкестілігі

3

4

Атауының болуы

3

5

Жұмысты қорғауы

3


Г)Топпен жұмыс (10 минут).

«Ыстық орындық» әдісі арқылы тапсырма беру. Топтарға жаңа тақырып тапсырмалар мен бірге, «7» санын қастерлеп айта отырып, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.

1.Жеті ханды ата.

2.«Жеті жарғының» бөлімдерін ата.

3.Жеті қазына.

4.Қазақстанның жеті кереметі

5.Жұрттың жеті белгісі

6.Жеті атаны.

Жеті санымен байланысты мәліметтері айта алдыңдар, Қазақстанның болашағы «Мәңгілік елдің» жеті құндылығымен өлшенеді. Олай болса, осы жеті құндылықты атай келе, видеоролик көре отырайық.

Мәңгілік Елдің Жеті тұғыры

1.Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.

2.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

3.Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

4.Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

5.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

6.Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

7.Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Таныстырылым

Коллаж

Құмсағат. (интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады)



смайликтер

Оқулық.


Ақ қағаздар, маркерлер, қайшы, клей, суреттер.

Критерийлер жазылған бағалау парақшалары.






Кері байланыс: 7 минут

Логикалық ойлау. Оқушылар сұрақтарын айтып, сол сұраққа өздері жауап береді. Тәуке ханнан сұхбат алу мүмкіндігі болған жағдайда қандай бір сұрақ қояр едің, сол сұраққа сен Тәуке хан болсаң қалай жауап берер едің.






Соңы


Рефлексиялық бағалау кезеңі: (3 минут)

«3-2-1» әдісі. Оқушылар сабақтан алған 3 мәлімет, 2 жақсы жағдайды, 1 ұнамсыз жағдайды ауызша айтып өтеді.






Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пəнаралық байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет