3. Жаңа тақырып өту жоспары:
М.: Біз өткен тақырыпты қайталадық, енді жаңа тақырыпты талқылауды бастайық. Бүгінгі жаңа тақырып: Синхронды генераторлар.
Сабақ жоспарымен таныс болыңыздар:
Синхронды генератор жайлы түсінікті анықтау. Қолдану аймақтары.
Синхронды генераторлардың құрылысы.
Синхронды генераторлардың жұмыс жасау принципі.
Оқушылар жаңа тақырыптың жоспарымен танысады
4. Жаңа тақырып өткізу:
Синхронды генератор жайлы түсінікті анықтау. Қолдану аймақтары. (слайд)
Синхронды генератор деп механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын аппарат. Синхронды машиналар электр энегиясының генераторы ретінде де, қозғалтқыштары ретінде де қолданылады. Дегенмен, ол ЭҚК үш фазалы жүйесінің электромеханикалық көзі ретінде кеңірек тараған. Дүние жүзінде электр энергиясын өндіруді айнымалы токтың синхронды машинасы үш фазалы синхронды генератор атқарады. Синхронды айналысқа түсетін алғашқы қозғалтқыштың түріне қарай турбогенераторлар (механикалық энергия көзі – бу турбинасы), гидрогенераторлар (механикалық энергия көзі – гидравликалық турбилар) және дизельгенераторлар (механикалық энергия көзі – іштен жанатын қозғалтқыш-дизель) болады.
Синхронды генераторлардың құрылысы. (слайд.)
Суретте синхронды генератордың қоздырғышымен жалпы түрі көрсетілген. Синхронды генератордың негізгі бөліктері: щетка, сақиналар, ротор және статор.
Синхронды генератордың статоры конструкциялық құрылымы жағынан үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарының статорымен бірдей.
Синхронды генератордың ротор құрылысы бойынша екі нұсқада орындалады: айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті. Ротордың мұндай конструкциясы оны полюсінің саны етіп конструкциялауға мүмкіндік береді, олардың саны бірнеше ондыққа жетуі ықтимал. Айқын полюсті ротор гидрогенераторларға орнатылады.
Синхронды генераторлардың жұмыс жасау принципі. (мультимедия слайды)
Магнит өрісінің магнит сызықтарын қиып өткенде бұл өткізгіште электр қозғаушы күші индукцияланады. Сондықтан қозғалмайтын магнит өрісін өткізгіштер қиып өткенде де, сондай-ақ қозғалмайтын өткізгішті магнит өрісі қиып өткенде де өткізгіште электр қозғаушы күші пайда болады. Бірінші жағдайда магнит өрісін қоздыратын машинаның индукциялаушы бөлігі, яғни полюстері машинаның қозғалмайтын бөлігіне (статорға), ал индукциялаушы бөлігі (зәкір), яғни электр қозғаушы күш пайда болатын өткізгіштер, машинаның қозғалмалы бөлігіне (роторға) бекітіледі. Мұндай генераторларда өндірілген энергия тұтынушыға қозғалмалы түйіспелер – түйіспелік сақиналар мен щеткалар арқылы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |