Сабақ жоспары Пән мұғалімі Есіркепова ж сыныбы 8 сабақ реті: күні



Дата25.08.2017
өлшемі90,5 Kb.
#25819
түріСабақ
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Есіркепова Ж

Сыныбы – 8 сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§46. Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық


тәрбиелік:

Оқушыларға негіздер құрамы ,жіктелуі, алынуы химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;

негіздерді атау,негіздердің формуласын құру, негіздер формуласындағы жалпы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, химиялық реакция теңдеуін құру, қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

аралас




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,.Кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен фронталды әңгімелесу, қорытынды жасау




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта, 8-ХЖД -1




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

2. Мына химиялық элементтерді ата,бейметалдар-металдар.

3. Мына химиялық элементтердің таңбаларын жаз.

4. Олардың оксидтері,қышқылдары мен негіздерінің формуласын құрастыр.



5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:



1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Негіздер.

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

Барлық заттарды атап,оларды кластарға жікте:Қышқылдар, оксидтер,тұздар, металдар,бейметалдар (карточкамен)

Қышқылдар мен тұздарға анықтама беріңдер-нашар үлгерушілермен жұмыс.


3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.



1.Жаңа сабақты оқып –үйрену

--А.Мына формулаларда не ортақ?

Са(ОН)2 КОН Fe(OH)3 NaOH Mg(OH)2 Zn(OH)2 Cu(OH)2 Ba(OH)2



--Б.Сендердің ойларыңша гидроксотоптыңсаны неге байланысты?

--В. Гидроксотоптың валенттігі?

--Г. Негіздер -құрамында металл атомы байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоптан тұратын күрделі зат тұратын күрделі зат.

Негіздердің жіктелуі


Негіздер



Суда еритіндер (сілтілер) LiOH, Ca(OH)2 , Ba(OH)2

Суда ерімейтіндер Cu(OH)2 , Fe(OH)2 , Fe(OH)3



Екідайлылар Zn(OH)2 , Al(OH)3 , Be(OH)2 H2ZnO2 , H3 AlO3 , H2 BeO2


Негіздердің алынуы. Суда еритін негіздерді (сілтілерді) алу:

  1. Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіру арқылы:

2Na+2H2O=2NaOH+H2

  1. Өнеркәсіпте күйдіргіш натр мен күйдіргіш калиді өздеріне сәйкес тұздарының NaCl, КCl балқымаларын электролиздеп немесе металл күйіндегі натрий мен калийді суда еріту арқылы алған:

NaCl электролиз →Na(металл күйде)+H2O →NaOH

  1. Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді металдардың ерімтал тұздарына: CuCl2 ,FeSO4 ,AlCl3 сілті қосу арқылы алады:

CuCl2 +2NaOH= Cu(OH)2 +2NaCl

FeSO4 +2NaOH= Fe(OH)2 +Na2 SO4

AlCl3 +3NaOH= Al(OH)3 +3NaCl

Негіздердің физикалық қасиеттері. Негіздер қатты күйінде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтанда күйдіргіш сілтілер деп аталады. Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Сілтілер қыздыруға тұрақты келеді. Ерімейтін негіздер қыздыруға төзімсіз.

Химиялық қасиеттері.


  1. Сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:

2NaOH+SiO2 =Na3SiO3 +H2O

  1. Негіздер мен қышқылдыр арасында бейтараптану реакциясы жүреді:

2NaOH+H2 SO4 = Na2 SO4 +2H2O

  1. Ерімейтін негіздер қыздырғанда оксидтер мен суға айырылады:

Fe (OH)3 +Fe2 O3 +3H2O

  1. Екідайлы гидроксидтер негіздік қасиет көрсетіп қышқылмен, сол сияқты қышқылдық қасиет көрсетіп негіздермен әрекеттеседі:

Al(OH)3 +3HCl=AlCl3 +3H2O

H3 AlO3 + 3NaOH=Na3 AlO3 +3H2O



14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.8-ХЖД-1 №33,36,37 жұмыс істеу (71-72бет);


5-6

Білмді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау

1.8-ХЖД -1бойынша№(4-69,4-72)жаттығуларды орындау.


5-8

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Есепті тексеру


1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 46оқу, 8-10- жатт.жазбаша 112бет.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.


1-2

Сабақ қорытынды-сын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?Су туралы жаңадан не білдіңіздер?



1-2

Күтілетін нәтиже

Негіздің не екенін білу, формуласын құрастыра білу,жікттей білу.




Жаңа ұғымдар

Негіз,күйдіргіш сілті, сөндірілген ізбес, индикатор.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет