Сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н. Сыныбы 11(ж) сабақ реті: күні



Дата19.05.2017
өлшемі84,37 Kb.
#16505
түріСабақ
МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11(ж) сабақ реті: күні________


Тақырыбы

§ 7.1.Табиғи және мұнайға серік газдар.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу,талдау,жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

Жаңа сабақ.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау 11-Б-2 көрсету .




Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Көмірсутектердің табиғи көздері.Мұнай, мұнайға серік газдар.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар қою:


* Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

*Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

* Казахстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер ?


3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:


Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

ации


1. «Табиғи газ-химия өндірісінің маңызды шикізаты», «Мұнайға серік газдар»тақырыптарына оқушылардың дайындаған хабарламалары

2. 11-Б-2 қолданып дайындаған мұғалімнің толықтыруы:

ТАБИҒИ ГАЗ

*Табиғатта кездесуі және құрамы.Біздің ғаламшардағы табиғи газдың қоры өте көп (шамамен 10 м). Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан.Сонымен бірге онда этан, пропан, бутанда бар.Мынадай заңдылық бар: егер көмірсутектің молекулалық массасы неғұрлым үлкен болса,онда ол соғұрлым табиғи газда аз болады.

Казахстандағы газдың негізгі кездесетін орны :

*Қолданылуы. Табиғи газ жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан ол энергиялық тиімді, әрі арзан отын ретінде жылыту қазандықтарында,домна пештерінде,мартен,шын жасау пештерінде қолданылады.Табиғи газды өндірісте қолдану еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар газды жақанда одан көмірқышқыл газы мен су буы бөлінетіндіктен ауа онша ластанбайды. Табиғи газ химия өндірісінің маңызды шикізат көзі: ацетилена, этилена, сутек,көмір,әртүрлі хлортуындылар алынады. Бұл заттар өз кезегінде спирт,жасанды каучук,түрлі пластмассалар,сірке қышқылы,бояғыштар,дәрі-дәрмектер,тағы да басқа заттар.
Хлорсутек синтетикалық каучук

пластмассалар

Хлортуындылар еріткіштер
(еріткіштер,мұздатқыштар)

СН4 ацетилен

Метан күйе
Синтез-газ сутек күкіртсутек
Оттекті органикалық заттар аммиак

(тыңайтқыш)

*Табиғи газды сығу арқылы пропан мен бутан қоспасын бөліп алады. .Табиғи газ фракцияларға бөлінеді:

1.құрғақ газ – метан мен и этан қоспасы, химичлық шикізат есебінде қолданылады ,оны крекингілеу арқылы күйе, сутек ,еріткіштер алады:

СН4------------С+2Н2

2СН4----------С2Н2+3Н2

С2Н6-----------С2Н4+Н2

СН4 +О2------2СО +4Н2----------2СН3ОН

СН4+2Н2О------СО2+4Н2

Күйе автомобиль шиналарын жасауда, бояғыш зат ретінде,сутек, органикалық синтезде қолданылады;

2. Пропан-бутан қоспасын дегидрлеу арқылы химиялық белсенді қанықпаған көмірсутектер алынады:

С4Н10------------ С2Н6 +С2Н4

С2Н6------------ С2Н2 +2Н2

п Н2С==СН2--------( --Н2С—СН2--)п

этилен полиэтилен


Көмірсутектерден каучук, пластмассалар алынады.

Табиғи газ арзан отын есебінде –химия өндірісі үшін бағалы шикізат .

МҰНАЙҒА СЕРІК ГАЗДАР

*Мұнайға серік газдар мұнайдың астыңғы қабатында ,немесе онда қысыммен еріген күйде болады. 1т мұнайда 30 дан 300 м газ болады. Мұнайға серік газдарды бұрындары жештеңкеге қолданбай жағып жіберетін.Ал қазіргі кезде оларды арзан отын ,химия өндірісінің бағалы шикізаты ретінде қолданылады.Табиғи газға қарағанда,серік газдарда метан мөлшері аз,бірақ оның гомологтарының мөлшері көп.Серік газдарды тәжірибелік мақсатта былай жіктейді (1 кесте).



1- кесте.Мұнайға серік газдар сипаттамасы

Аталуы

Құрамы

Қолданылуы

Бензин газы

Пентаа, гексан және басқа көмірсутектер қоспасы

Ббензинге двигатель жұмысы хақсы болу үшін қосады.

Пропан-бутан фракциясы

Пропан мен бутан қоспасы

Сығылған газ түрінде отын ретінде қолданылады.

Құрғақ газ

Құрамы бойынша табиғи газға келеді.

СН және Н және басқа заттар алу үшін, отын есебінде қолданылады.



Мұнайға серік газдардан алынатын заттар:
Парафиндер С1-С4

Серік этилен

мұнай газы

бутадиен этил спирті

пластмассалар

жасан. каучук бутен пропилен еріткіштер

еріткіштер





15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -


Жаттығу орындау 1-5 (143) -1 деңгей, 9,10 (143)-2 деңгей

20-22



Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;


Қорытынды:

1. Табиғи газда метан 80-95 %; ал серік газдарда – 20-25 %.

2. Табиғи газды жылу электростанцияларында, завод қазандықтарында,әр түрлі өндірістік пештерде қолдану кокс шығынын азайтып үнемдеуге,шойындағы күкірт мөлшерін азайтуға, пештердің енбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3.Т.Г күнделікті қолданудың маңызы зор.

4. Т.Г бұл көмірсутектердің маңызды көзі..

5.МСГ- жақсы отын және барышша маңызды шикізат.

6.бұл газдың қолданлуы ,табиғи газдың қолданылуынанда кең көлемде,метанмен бірге оның құрамында этан, пропан,бутан, пентанның да мөлшері бірщама. .

7. МСГ қолдану үшін оны фракцияларға бөледі

8.Бұрын мұнай өндіргенде серік газдар қолданылмай, өртелетін.
1. Дәптерге жазу.

2. 8 –кестемен жұмыс .136 бет


6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау


3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету



1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
параграф 7.1; 141-бет, № 6-8 – жазбаша орындау.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Жаңа ұғымдар

Табиғи және мұнайға серік газдар,құрғақ газ, фракциялар, пропан – бутан қоспасы.

1-2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет