Негізгі сөздер мен тіркестер:
жоқтау, қайғылы жүрек, сұм дүние, ғұмыр, бектер, ерлік, бөрідей ұлу.
Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың?
Алдыңғы оқу:
«Күлтегін» жыры, ежелгі тасқа қашалған жазбалар
Сабақтың жоспарланған уақыты:
Жоспарланған жаттығулар:
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин.
3 мин.
1. Ұйымдастыру бөлімі: өзара сәттілік тілеу.
2.Топқа бөлу. Қима қағаздарды тарату, қағаздардағы жазулардың мағынасына қарай топ құру:
№ 1топ: адам қасиеттері бойынша «Ер, батыр, батыл, қаһарман, өжет, ержүрек» сөздері бір топқа;
№ 2топ: батырлардың аттары бойынша « Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Тұңға, Күлтегін, Тоныкөк»– сөздерін алғандар бір топқа;
№ 3топ: Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша «Жоқтау, естірту, қоштасу, береке беру, ас қайыру, еске алу» сөздерін алғандар бір топқа жиналады.
3. Ой қозғау.
Суреттер немесе топқа бөлінгендегі сөздер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:
- Берілген суреттер немесе топқа бөлінгендегі таңдап алынған сөздер туралы не ойлайсыздар?
- Балалар, сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақ кім жайында?
- Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың?
Қиындылар.
Презентациялық слайд. АКТ қолдану арқылы суреттер көрсету.
№1 тапсырма: «Алып Ер Тұңға» жыры туралы қысқаша мәліметтер жазылған парақтарды оқушыларға тарату, оқуға ұсыну.
Ж. «Алып-Ер Тұңға — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға — Афрасияп, Тұранның (Түр елі — түріктердің) патшасы болып суреттеледі. Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында. Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар. Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. С.«Қарым-қатынас аймағын құру» әдісі.
Мәтіндегі мәліметтердің ең маңызды сөздерін шеңбердің ортасына, орта маңызды сөздер мен тіркестерді келесі шеңберге, маңызы төмен сөздер мен сөз тіркестерін шеткі шеңберге орналастырыңыз. Орналастыру тәртібін дәлелдеп айтыңыз.
Қосымша: Кейбір оқушыларға «тірек сөздер» ұсынылады, оқушылар сөздерді іріктеп орналастырады.
«түркілердің көсемі, Фирдоусидың «Шаһнама» кітабы, Патша, Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы, Іле, Ыстықкөл, жоқтау, Махмұт Қашқари, «Түркі сөздерінің жинағы», көне заман, опасыз дүние» Дескриптор:
Дайын мәліметтерді шеңбер аймағына орналастырады;
Маңызды мәліметтерді таңдап шеңберлер аймағына орналастырады;
Мәліметтерді маңыздылығына орай орналастырып, дәлелдеп айтады.
Қ.б. «Күн, ай, бұлт».
– мәтінді маңызына орай орналастырып, дәлелдей алды;
-мәліметтердің маңыздыларын таңдап алып, дұрыс орналастырды;
-мәліметтерді іріктеп алғанмен, маңыздылығын ажырата алмады.
Сөздік жұмыс: Ажал шеңгелін салу – ажал жету, Бек-ежелгі түркілердегі қолбасшы дәрежесін білдіретін әскери шен, атақ, жоғары басымдыққа ие тұлға. Қыршын ғұмыр - қысқа өмір, білікті – білімді.
Орта көлемді үзінді мәнерлеп оқу: логикалық (сөздер мен сөз тіркестерін көтеріңкі оқу) психологиялық (көңіл-күйге орай оқу), грамматикалық (тыныс белгісіне орай дауыс ырғағын сақтап оқу) тәсілдерін ескерту:
Үзіндіні мәнерлеп оқу үлгісі ретінде аудио материалынан немесе, Bilim Land сайтынан тыңдату.
№2 тапсырма:
Ж. Өлеңді іштей оқыңыз;
Т. «Тізбек қуалай оқу» әдісі арқылы топтағы әр оқушы мәнерлеп оқыңыздар;
С.№3 тапсырма: «Қос жазба күнделігі» әдісі.
Өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттап, топта мәнерлеп айтыңыз, шумақтың идеясын тұжырымдап жазыңыз.
Шумақ
Тұжырымдау
Қосымша: «Буриме» әдісі қолданылып, қолдау қажет ететін оқушыларға шумақтағы өлең тармақтарының бастапқы сөздері ұсынылады, оқушы толықтырып, тармақты аяқтайды.