Сабақ жоспары пәні: Қазақ тілі Жаңаөзен қаласы



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі335,63 Kb.
#46476
түріСабақ
  1   2
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі Жаңаөзен қаласы

Мектеп: Жаңаөзен меткеп-гимназиясы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 6-бөлім. Қиял әлемі
Сынып: 5-сынып Мұғалімнің аты-жөні: Тиникулова Жанар Нурлыбековна

Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қиял – адамға тән қасиет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А.5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.

5.1.5.1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді.

Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.

Кейбір білім алушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.



Бағалау критерийлері


Білім алушы

- Мәтін мазмұнын түсінеді.

- Нақты ақпаратты анықтайды.

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.

- Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну және қолдану


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «қиял», «қиялдау», «қиялшыл», «арман», «қиял-ғажайып», «шындық»

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Қиял», «қиялдау» сөздерінің мағынасы қандай?
• «Қиял» мен «арман» сөздерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар деп ойлайсың?
• Қиял-ғажайып ертегі дегенді естідің бе?Оның басқа ертегілерден қандай айырмашылықтары бар?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.




Пәнаралық байланыс

Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.


Тақырып бойынша алдыңғы білім


«Бос уақыт және хобби» бөліміне жалпы шолу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі.

Оқушыларды топқа бөлу.

  1. Қиял

  2. Арман

  3. Шындық


Қима қағаздар

Сабақтың ортасы
Білу, түсіну,

5 минут



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Мағынаны тану

1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма.

«Ой шақыру» әдісі

Тыңдалым алдындағы тапсырма

  • Берілген суретті мұқият қарап, не байқағаныңызды айтыңыздар.

  • Тыңдайтын мәтініңіз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.

  • Қиялдың не екенін білесіздер ме?






Сурет


Қолдану

15 минут


«Идеяны ұстап ал» әдісі

  • Тыңдалым барысы тапсырмасы

«Қиял – адамға тән қасиет» мәтінін аудиодискіден тыңдайды.

Қиял- адамға тән қасиет

Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады.

Әр адамның қиялы әртүрлі болады.Ол адамның жасына, өмірден көрген –білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды.



Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.
Тыңдалым мәтінінен не түсіндіңдер?

(Оқушылар түсініктерін айтады)

  • Мәтінді қайта тыңдау арқылы нақты сұрақтарға жауап береді.




  1. Қиял қалай пайда болады?

  2. Неліктен қиялды адамға тән қасиет дейміз?

  3. Қиялдың әр адамда әр түрлі болуының себебі неде?

  4. Қиял мен шынықтың арақатынасы қандай?

  5. Қиялдың адам өміріне әсері қандай?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар

  • Сен нені қиялдайсың?

  • Қиялдың шындыққа айналуы мүмкін бе? Дәлелде.

  • Өзің қиялдап көрдің бе?

  • Қиялдай білудің қандай пайдасы бар?


Дескриптор

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

- Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау

Смайликтер арқылы


Кері байланыс

Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы 2017 жыл

Смайликтер бейнеленген суреттер



5 минут

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді.

2-тапсырма. «Бумеранг» әдісі.

Топтық жұмыс.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға оң ықпалын тигізеді.
Дескриптор

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

  • Өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»




Сергіту сәті

1 минут


Қыдырып қайтайық!» би билеу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет