Сабақ жоспары Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/4
Дата07.12.2022
өлшемі64,36 Kb.
#161688
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8 с Қайырымды Ораз

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй смайликтері арқылы бағалайды.
Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтарын қойып, білімін толықтырады.
Мәтінсоңы жұмыс. Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларға бірнеше тақырып (Кең болсаң, кем болмайсың. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі) ұсынады. «Болжау»
әдісі бойынша топтар бір тақырыпты таңдайды, Саятшы Ораз бен қазіргі уақыттағы қайырымды адамдардың
іс-әрекетін салыстырып, ой бөліседі (9-тапсырма).
Дескриптор:
- қайырымды адамдарды салыстырады;
- ойын қорытады.
Қалыптастырушы бағалау. Топ басшылары бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды.
Кері байланыс«Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.



Оқулық, аудиотаспа, ғаламтор ресурстары, А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер, смайликтер, желімқағаздар

Сабақтың соңы

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жаңа тақырып бойынша берілген ақпаратты талдатады.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Дескриптор:

  • ақпаратты талдайды;

  • айтылған мәселені күнделікті өмірмен байланыстырады;

  • өз ойын қорытады.

Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. Ойтаразы. Рефлексия парақтарын таратып, сабақ бойынша пікірлерін біледі.
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы
7-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет