Сабақ жоспары Пәні: Қазақстан тарихы Тобы: Уақыты



Дата08.09.2017
өлшемі68,29 Kb.
#30704
түріСабақ
БҚО, Орал қаласы,Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті,

гуманитарлық институтының аға оқытушысы, тарих магистрі



Тапалова Арайлым Аманжановна

Сабақ жоспары


Пәні:

Қазақстан тарихы

Тобы:




Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандары және Тәуке «Жеті жарғы» заңы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік


Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі


Студенттерге Тәуке ханның билердің көмегімен хан билігін нығайтуы, мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «жеті жарғы» заңы туралы ақпарат беру.


Тәуке ханның «жеті жарғы» заңының қазақ қоғамындағы алған орынын талқылайды. Басты бағыттарын талдауға, оны түсіне білуге, өздігінен іздене білулеріне бағыт беру.
Тәуке хан мен ұлы билер атқарған ұлағатты істерді талдай отырып, қазақ хандағын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлғаларға тарихи баға беру.


Сабақтың типі:

Аралас


Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:

Оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар:

проблемалық,ойын , тірек сигналдар арқылы оқыту




Сабақтың әдісі:

Білімді бақылау , бағалау әдістері т.б

Пәнаралық байланыс:

Жалпы тарих , Мәдениеттану , Экономика , География ,Этнография

Оқыту құралдары:

Карта ,тірек –схема , хандардың портреттері




Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже










студент

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу , түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.

Сабаққа назар аударады.




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы сұралады, топ студенттері бір –біріне сұрақтар қояды.

Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында әзірленген сөзжұмбақ



сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.



Сөзжұмбақ



Ақпараттық мәдениетін дамыту және жүзеге асыру

ІІІ. Өткен материалдық қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

өткен сабақты қорытындылап , студенттердің назарын жаңа сабаққа аудару үшін Қазақ халқынның хан сайлаудағы «Хан талапайдың» шарттарына талдау жасау

«Ханталапай»туралы білетіндерін ортаға салады.

Ханды ақ киізге отырғызып, сайлаушылар киізді жапырақшалап бөліп алады, бұл ханға дауыс беріп,сайлаған болып есептеледі.



Өз ойларын айта отырып, тұжырым жасай біледі.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру

1. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.

2. Қазақ хандар, Тәуке ханның «Жеті жарғы»заңы




Қазақ хандарының жүргізген саясаты және Тәуке хан басқару кезіндегі хандық туралы мәліметтермен танысады. «Жеті жарғы» баптарына талдау жасайды. Берілген мәліметтерді дәптерлеріне түртіп жазып алады.

Бұрыннан білетін деректерді қазіргі тың деректермен салыстыра отырып меңгереді және тарихи көзқарастары қалыптасады.

Ү. Жаңа білімді бекіту

«Тарихи үйірме» атты рөлдік ойын өткізу. Шарты :

1.Реттеуші- ұйымдастыру(әр студентке сөз беріп отырады)



2.Бейнелеуші- ол ханды көз алдына қалай елестететінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.

3. Сұрақ қоюшы- ой талқы болған кезде сұрақтарды қояды.

Абылай хан тобына сұрақтар:

1.Абылай хан кімнің ұрпағы?

2.Абылай қай жүздің ханы?

3. Абылай ханның Бұхар жырауға айтқан үш арманын ата?

4. Абылай ханның есімі енгізілген әлемдік маңызы бар кітаптың аты?

Тәуке хан тобының сұрақтары:

1.Жеті жарғы қандай заң?

2. Жеті жарғы заңы неше тараудан тұрады?

3.Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданады?

4. Жеті жарғы заңын жасауға қатысқан билерді ата?

4.Із қуушы-оқушылар даталар бойынша жұмыс істейді

Абылай хан тобы:

1711ж, 1742ж, 1771ж,1757-177жж.
Тәуке хан тобына:

1687-1688жж, 1686-1693жж

1710ж, 1718ж.



4.Дәнекер- қазіргі өмірде осы

қайраткерлердің алатын орны.(ескерткіштер, кітаптар)



5.Іздеуші- студенттің рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.

6.Жазушы- Абылай, Тәуке ханға арнап өлең жолдарын шығару.

7. Сілтеме жасаушы-осы тақырыпта қызықтырған оқиғаларды, мағұлматтарды келтіру.

8. Сөз тапқыш ( осы адамдар туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер келтіреді)

2-тапсырма

«Білім әлеміне саяхат»атты тарихи диктант жаздыру.




3-тапсырма

«Ғажайып жетілік» (сұрақ-жауап»

1-топ Тәуке, 2-топ Абылай.

Тәуке хан тобы: дипломат, данышпан қолбасшы, ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға.

Абылай хан тобы:ұстамды, жауына қатал, досына адал, қолбасшы, қаһарлы адам екендігін бейнелейді.

Топтар сұрақтарға жауап береді.

1.Жошы ханның.2.Орта жүздің.

3. үш арманы:

1.Көп қан төгілді.2.Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент салғызып үлгермедім.

3.Елдің басы бірікпеді, тентегі, көп болды. 4.Адамзат күнтізбесі.


1.XVIIIғ қазақ халқының әдет-ғұрпы заңы. 2. 7 тарау.

3.Өлім жазасы.4.Төле,Әйтеке, Қазыбек билер.

Абылайдың туған жылы.Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға түсуі. Абылайдың хан болуы.

Пекинге 10 елшілік жіберген.

Орта Азиямен сауда дамыды.

Орыс-қазақ қатынастарын дамытты. Қарақұмда жиын өткізді. Тәуке хан қайтыс болды.

Абылай хан тобы: Абылай ескерткіштері Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан.Қасиетті Түркістан қаласында 2000жылы Н.Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М.Жұмабаевтың:Қиын күн туған алаш басына, Шұбыртып жапанның сар даласына.

Күндерде сонау-қара топсырған ел.

Тағдырын Абылайдай данасына,

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың.

Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,-деген өшпес өлеңі қашап жазылған.
Тәуке хан тобы: М.Жұмабаев

« Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде құқық жүйесін жүйелеу ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:

Әділхан аз болды Назардайын,

Алашқа Есімханның жолы дайын,

Тәукедей данышпан хан құрған екен,

Басында Күлтөбенің Құрылтайын.


Абылай хан тобы:Абылай хан күйші болды. Күйлері: «Ақ толқын», Дүние қалды», Қайрат елім», «Қоржын қақпай», « Майда жел».

Тәуке хан тобы: Ақылы асқан Әз –Тәуке бұл дүниеден өтер кезде:

« Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған.


Шығармашылық, ойлау, зерттеу негіздерін меңгереді.

Ұжымдық жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.

Қазіргі жаңа тың деректермен жұмыстану арқылы бұрынғы оқиғалармен қазіргі оқиғаларды салыстырып талдау қабілеттері шыңдалады.



ҮІ. Үйге тапсырма.

Тақырыпты кітаптан оқу

М.Қозыбаев Қазақстан тарихы



«Ізденіс» тапсырмасы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланып, рефераттар жазып, қорғайды.
7 бап бойынша әр бапқа дәптерлеріне мысалдар жазу керек.


Қосымша деректер , естеліктермен жұмыстану арқылы шығармашылық қабілеттері дамиды.

VII.Қорытындылау

Тәуке хан мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «жеті жарғы» заңын жасады. «Жеті жарғы»заңы қанды кекті жойып, құн мөлшерін белгіледі.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет