Ү. Жаңа білімді бекіту
|
«Тарихи үйірме» атты рөлдік ойын өткізу. Шарты :
1.Реттеуші- ұйымдастыру(әр студентке сөз беріп отырады)
2.Бейнелеуші- ол ханды көз алдына қалай елестететінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.
3. Сұрақ қоюшы- ой талқы болған кезде сұрақтарды қояды.
Абылай хан тобына сұрақтар:
1.Абылай хан кімнің ұрпағы?
2.Абылай қай жүздің ханы?
3. Абылай ханның Бұхар жырауға айтқан үш арманын ата?
4. Абылай ханның есімі енгізілген әлемдік маңызы бар кітаптың аты?
Тәуке хан тобының сұрақтары:
1.Жеті жарғы қандай заң?
2. Жеті жарғы заңы неше тараудан тұрады?
3.Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданады?
4. Жеті жарғы заңын жасауға қатысқан билерді ата?
4.Із қуушы-оқушылар даталар бойынша жұмыс істейді
Абылай хан тобы:
1711ж, 1742ж, 1771ж,1757-177жж.
Тәуке хан тобына:
1687-1688жж, 1686-1693жж
1710ж, 1718ж.
4.Дәнекер- қазіргі өмірде осы
қайраткерлердің алатын орны.(ескерткіштер, кітаптар)
5.Іздеуші- студенттің рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.
6.Жазушы- Абылай, Тәуке ханға арнап өлең жолдарын шығару.
7. Сілтеме жасаушы-осы тақырыпта қызықтырған оқиғаларды, мағұлматтарды келтіру.
8. Сөз тапқыш ( осы адамдар туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер келтіреді)
2-тапсырма
«Білім әлеміне саяхат»атты тарихи диктант жаздыру.
3-тапсырма
«Ғажайып жетілік» (сұрақ-жауап»
|
1-топ Тәуке, 2-топ Абылай.
Тәуке хан тобы: дипломат, данышпан қолбасшы, ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға.
Абылай хан тобы:ұстамды, жауына қатал, досына адал, қолбасшы, қаһарлы адам екендігін бейнелейді.
Топтар сұрақтарға жауап береді.
1.Жошы ханның.2.Орта жүздің.
3. үш арманы:
1.Көп қан төгілді.2.Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент салғызып үлгермедім.
3.Елдің басы бірікпеді, тентегі, көп болды. 4.Адамзат күнтізбесі.
1.XVIIIғ қазақ халқының әдет-ғұрпы заңы. 2. 7 тарау.
3.Өлім жазасы.4.Төле,Әйтеке, Қазыбек билер.
Абылайдың туған жылы.Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға түсуі. Абылайдың хан болуы.
Пекинге 10 елшілік жіберген.
Орта Азиямен сауда дамыды.
Орыс-қазақ қатынастарын дамытты. Қарақұмда жиын өткізді. Тәуке хан қайтыс болды.
Абылай хан тобы: Абылай ескерткіштері Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан.Қасиетті Түркістан қаласында 2000жылы Н.Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М.Жұмабаевтың:Қиын күн туған алаш басына, Шұбыртып жапанның сар даласына.
Күндерде сонау-қара топсырған ел.
Тағдырын Абылайдай данасына,
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың.
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,-деген өшпес өлеңі қашап жазылған.
Тәуке хан тобы: М.Жұмабаев
« Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде құқық жүйесін жүйелеу ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділхан аз болды Назардайын,
Алашқа Есімханның жолы дайын,
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Абылай хан тобы:Абылай хан күйші болды. Күйлері: «Ақ толқын», Дүние қалды», Қайрат елім», «Қоржын қақпай», « Майда жел».
Тәуке хан тобы: Ақылы асқан Әз –Тәуке бұл дүниеден өтер кезде:
« Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған.
|
Шығармашылық, ойлау, зерттеу негіздерін меңгереді.
Ұжымдық жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
Қазіргі жаңа тың деректермен жұмыстану арқылы бұрынғы оқиғалармен қазіргі оқиғаларды салыстырып талдау қабілеттері шыңдалады.
|