Сабақ жоспары Пәні: Биология



Дата30.04.2017
өлшемі125,78 Kb.
#15253
түріСабақ
Сарыағаш ауданы Қызыләскер ауылы №89Л.Жолдасов атындағы жом

Биология пән мұғалімі: Жамбаева Арай Шимырханқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Биология

Мектеп: №89 Л.Жолдасов

Күні 3.02.2017ж

Мұғалімнің есімі: А.Жамбаева

Сынып: 6ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қырықжапырақ өсімдігінің құрылысының ерекшеліктерімен, Көбеюі және дамуын, қырықбуындардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алу.

Сабақтан күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің маңызы, құрылыс ерекшеліктері туралы мағлұматтар алады.

Оқушылардың басым бөлігі мынаны орындай алады:

Жаздық және көктемгі өркендерінің айырмашылығын түсінеді.

Оқушылардың кейбір мынаны жасай алады:

Қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын біледі.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Қырықбуын- хвощ, Қырықжапырақ Спорангий.

Пәнаралық байланыс:

Экология, медицина.

Ресурстар және әдебиеттер

« Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж интерактивті тақта, бөлме өсімдіктері,тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, қосымша әдебиет,

Алдыңғы оқу:

Плаунтәріздес өсімдіктер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі: (психологиялық ахуал) 3-минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. «Әсем-әдемі» тренингі. Ойын барысы: Тапсырма қиын емес: дөңгелене отырған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы керек. Мысалы:Әсем-әдемі, Алмас-адал, Айдын- ақжарқын, Ілияс-ілтипатты, Болат-болаттай, Қайтар-қажырлы, Гүлнар -гүлдей, Жарқын-жұлдыдай, және т.б.

1-топ:Плаунтәріздестер

2-топ: Қырықбуынтәріздестер

3-топ: Қырықжапырақтәріздестер



Мадақтау

Үй тапсырмасы

8-минут 1-деңгей(білу, түсіну)

Үй тапсыпмасын сұрау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрау

Қырыбуындар тақырыбын толығырақ ашу мақсатында мұғалім тарапынан оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Қырықбуын деп не себепті аталған? (сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан осылай аталған)

2.Қазіргі кезде қырықбуынның қанша түрі кездеседі? (30-35 түрі)

3.Қырықбуындар қай жерлерде өседі? (арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі)

4.Көп тараған өкілдері? (далалық қырықбуын)

5.Қырықбуынның жерүсті өркендері неше түрлі? (екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен)

6.Көктемгі өркен қай кезде пайда болады? (ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады)

7.Жаздық өркендер қай кезде пайда болады? (көктемгі өркеннің споралары қурап қалғаннан кейін пайда болады)

8.Жанама бұтақтар қайда орналасады? (жаздық өркенде)

9.Екі өркеннің қызметі неде? (көктемгі өркен – көбею, жаздық өркен - өсу)

10.Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде жетіледі? (көктемгі өркенде)

11.Қырықбуынның қоректік заттары қайда жиналады? (жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналып, қорек заттары қорға жиналады)

12.Қуыс қалай пайда болады? (жаздық өркеннің өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасып, ол біртіндеп ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады)

13.Тірек ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа қайда жетіледі? (сабақ қырларының астында – тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі)

14.Өткізгіш ұлпалар қайда орналасады? (тірек ұлпасының астында)

15.Қырықбуындар қалай көбейеді? (өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді)

16.Өсімді, жыныссыз көбею қалай жүзеге асады? (өсімді – тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбею – споралар арқылы)

17.Қырықбуынды медицинада қандай мақсатта қолданады? (жасыл сабақтарын қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге, масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланылады)

18.Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің қанша түрлері бар? (10 000-нан астам түрлері)

19.Қырықжапырақтылар қайда кездеседі? (тропикте ағаш, лиана түрінде өседі және суда өсетіндері де бар)


Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай

2-деңгей (қолдану, талдау)

1 топ: Мәтін бойынша эссе

2 топ: Сурет салу

3топ: Ертегі, өлең жолдарын жазу


Топ аралық бағалау

Түстер


3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Бестармақ

Кім? Ана-Зат есім.

Қандай? Мейірімді, ақылды-Сын есім.

Не істеді? Бағады, тәрбиеленеді, өсіреді-Етістік

Түйін. Ағайын-алтау, ана-біреу

Синоним. Ардақты жан.

Өзін-өзі бағалау

Жаңа сабаққа дайындық

Қызығушылықты ояту кезеңі 3- минут

   І. Қызығушылықты ояту.  «Қырықбуынтәріздес өсімдіктер әлемі және қырықжапырақтәріздестер» туралы бейнеролик.

Сұрақ: Не себептен «қырықжапырақтәріздестер» деп атаған?



Жарайсыңдар!

Жаңа сабақ

Мағынаны тану кезеңі

Мұғалім жаңа сабақты слайд бойынша қысқаша түсінік береді.

«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.

Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын-ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздерді көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.


Топ аралық бағалау «

«Екі жұлдыз, бір тілек» арықылы



Сабақты қорытындылау

10-минут

1-деңгей(білу, түсіну)

Қорытындылау сұрақтары?

1.Неге қырықжапырақ деп аталған? (жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген)

2.Қырықжапырақтар қалай көбейеді? (өсімді, жыныссыз және жынысты)

3.Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай түзілген қоңыр төмпешіктер қалай аталады? (сорустар деп аталады)

4.Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары қалай аталады? (вайя)

5.Усасыр қырықжапырағын қандай ауруларды емдеуге пайдаланады? (ішекқұрт ауруларына, суық тигенде)

6.Таскөмірді неден алған? (ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар)


Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай

2-деңгей (қолдану, талдау)

Биологиялық диктант.

Берілген сөйлемді аяқта .

  1. Қырықбуындар ………………. пайда болған (тас көмір кезеңінде)

  2. Қазіргі кезде плаун туысының ………. түрі белгілі (30-35)

  3. Қазіргі кездегі өкілдері ……… …………….(көпжылдық тамырсабағы бар шөптекті өсімдіктер)

  4. Қырықбуынның кең тараған өкіліне ………… (далалық қырықбуын) жатады.

  5. Қырықбуынның жыныссыз көбеюі ………… (споралар ) арқылы жүзеге асады.

  6. ………………. – түрі өзгерген жапырақ (спорофилл)

  7. Қырықбуынның ұшында орналасқан спорангийлер тобы …………… деп аталада. (бүр)

  8. Жасыл сабақтарын көп мөлшерде жинап , (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады.

  9. Ылғалдығы жоғары ……………… ……………. кездеседі. (қышқыл топырақта)

Өзін-өзі бағалау

3-деңгей шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Жаңа тақырып бойынша сын тұрғысынан ойланатын сұрақтар

Мұғалім оқушыларға 3 жауабы да қате немесе бір жауабы ғана дұрыс тест ретінде сұрақ қояды.

1.Сабағында буын аралықтары жоқ болғандықтан қырықбуын деп аталған (жоқ. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындық-тан қырықбуын деп атаған)

2.Қазіргі кезде қырықбуын туысының 30-35 түрі бар (иә. 30-35 түрі кездеседі)

3.Қырықбуынтәріздестер бұдан 500 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзілген (жоқ. 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзген)

4.Далалық қырықбуын бір жылдық өсімдік (жоқ. Көп жылдық өсімдік)

5.Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен (иә)

6.Қырықбуынның жаздық өркендерінде қызыл түсті хлорофилл дәндері болады (жоқ. Жасыл түсті хлорофилл болады)

7.Көктемгі өркендері көбею, жаздық өркендері өсу қызметін атқарады (иә.)

8.Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады, кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады (иә.)

9.Қырық буындар тек қана жынысты жолмен көбейеді (жоқ. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді)

10.Өсімді көбеюі түйнектері, тамырсабақтары арқылы, жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады (иә.)

11.Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бар өркен деп талады(жоқ. Бүр деп аталады)

12.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)

13.Қазіргі кезде қырықжапырақ тәріздестердің 10 000-нан астам түрлері бар (иә.)

14.Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана түрінде өседі (иә. Тропикте ағаш және басқа өсімдікке оралып лиана түрінде өседі)

15.Қырықжапырақтылардың Қазақстанда біржыл-дық шөптекті түрі кездеседі (жоқ. Көпжылдық шөптекті түрі усасыр қырықжапырағы кездеседі)

16.Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік және тамырсабағын қысқарған сабақ дейді (иә.)

17.Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады: фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзеді және споралар түзіліп көбеюге қатысады (иә)

18.Жапырақ тақтасы тілімденбегендіктен қырық-жапырақ деп аталады (жоқ. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімден-гендіктен, қырықжапырақ деп аталады)

19.Жыныссыз көбею кезінде жапырағының астынғы бетінде төмпешіктер түзіледі, оны бүршік деп атайды (жоқ. Төмпешіктерді сорустар деп атайды. Сорус – спорангийлердің жиынтығы)

20.Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар деп аталады (иә. Вайя – грекше «байон» пальма бұтағы деп аталады)

21.Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан газ пайда болады (жоқ. Тас көмір пайда болады)

22.Тас көмірден жанғыш газ, пластмасса, асфальт, сабын, шайыр алынады (иә.)

23.Қазақстанның Қызыл кітабына қырықжапы-рақтардың екі түрі: мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі тіркелген (иә.)

24.Усасыр қырықжапырағын бас ауырғанды, жүрек ауырғанды басатын дәрі ретінде қолданады (жоқ. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар дайындап, суық тигенде ауырғанды басатын және ішекқұрт ауруларына дәрі ретінде пайдаланады)

25.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)

«Роунд-Робин» әдісі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай сабақ мазмұнын айтып шығуы. Оқушылар өтілген тақырып бойынша не біледі, сол жайында бір сөйлемнен не сөз тіркесінен айтуы керек.


Әр дұрыс жауапқа бір ұпай

Кері байланыс жасау 2-минут

Нені білдіңдер?

Нені түсінбедіңдер?

Не қиындық тудырды?

Не таңқалдырды?

Жарайсыңдар!

Бағалау

2-минут


Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беруді ұсынады. Топ басшыларының бағалауына сөз береді. Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүргізіледі.Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы мен мұғалімнің бағалауының қорытындысын күнделікке баға ретінде қойдыру

Оқушылар бағалау парақшасына бағалап қорытынды бағаны мұғалім шығарады.Өзін-өзі бағалау Оқушының аты, жөні____________________






Мен көп нәрсені үйрендім

Мен аз нәрсе үйрендім

Мен ештеңе

үйренбедім.



Өз жұмысымды бағалағанда

3

2

1

Өз бетімше жұмыс істегенде

3

2

1




Бағалау

Үйге тапсырма:1-минут 1-деңгей:

(білу, түсіну деңгейлері тапсырмалар)



АВС деңгейдегі сұрақтарға жауапбереді.

2-деңгей: (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырмалар)

Тас көмірдің пайда болуына хабарлама әзірле.

3-деңгей: (жинақтау, бағалау деңгейдегі шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Қырықбуындардың пайдасы мен зияны туралы іздену.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?




Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?




Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?





Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Амалдыкова



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет