Сабақ жоспары Пәні: Физика Мектеп: Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп мдшо кмм



Дата04.08.2017
өлшемі45,44 Kb.
#22741
түріСабақ
Қысқа мерзім сабақ жоспары


Пәні: Физика

Мектеп:Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп МДШО КММ

Күн: 16.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Таңқай Қ.

Сынып: 10Б

Қатысқан оқушы: Қатыспаған оқушы:

Сабақ тақырыбы: 9.1.Тұрақты токтың пайда болу шарттары.

9.2. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші



оқу мақсаттары

Оқушылар тұрақты токтың пайда болу шарттарын ұғынады. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күшінің маңызын біліеді. Күнделікті өмірде ажыратып қолдана біледі.

Сабақ мақсаттары

  1. Тұрақты токтың пайда болу шарттарын ұғынып, есептеулер жүргізе алады.

  2. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші ұғымын түсінеді. Қалай есептеуге болатанан біледі.

  3. Талдау, саралау қабілеттері артып, ой – өрістері жоғарлайды.

Күнделікті өмірде түсініп, біліп жүреді.

Тілдік мақсаттар

Тұрақты ток, токтың тығыздығы, электр қозғаушы күш сөздерінің мәнін ашу.

Пәнаралық байланыстар

Алгебра пәні.

Бастапқы білім

Өзіндік жұмыс. Электр өрісінің энергиясы тақырыбына есептер шығару.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Бағалау парағы



Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы: конденсатор, конденсатордың түрлері, электр өрісінің энергиясы тақырыбынан сабақ сұрау..



Интер-

белсенді

тақта,

ҚМЖ жоспары, флефчарт, электрондық оқулық.



Сабақтың ортасы

Электр тогы деп электр зарядтарының кез – келген реттелген қозғалысы.

Ток өткізетін орталарда электр өрісі әрекетінен еркін зарядтардың реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіштік ток деп аталады.электр тогының пайда болуының қажетті шарттары:



  1. Берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы.

  2. Берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы.

  3. Электр энергиясының өрісі болу үшін ток көзі, яғни кернеу долуы қажет.

І ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады.

∆I=∆q/∆t

І – өлшем бірлігі амперметр (A).

Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады.

I=q/t

Ток тығыздығы: J=I/S.



J-ток күші тығыздығының өлшем бірлігі: (А/м2).

Зарядтың өлшем бірлігі (Кл).

Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінінң ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің электр қозғаушы күші деп аталады. Ток көзінің электр қозғаушы күшін бірлік оң зарядты тасымалдау кезінде тосын күштердің атқаратын жұмысымен өлшейді.

Ɛ=Aб/q

Ɛ – ЭҚК-тің өлшем бірлігі: Вольт(B).


Сабақтың соңы

қорытындылау



Топтық жұмыс: оқушылар топтасып төмендегі есептерді шығарады.

  1. Ток көзін электр тізбегіне қосқанда 10 Кл заряд өткенде 0,02 Дж жұмыс істейтін болса, тізбектегі кернеу қандай болған?

  2. Электр шамы арқылы әр секунд сайын 0,2 Кл заряд өтетін болса, ток күші қандай?

  3. Электр тізбегі арқылы 1,5Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В. Электр заряды қандай жұмыс атқарады?

Сұрақтарға жауап беру: “кім жылдам”.

  1. Электр тогы деп нені айтады?

  2. Электр тогы қалай бағытталады?

  3. Ток тығыздығы беп нені айтады?

  4. Ток көзі деп нені айтады?

  5. Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: 9.1.Тұрақты токтың пайда болу шарттары.

9.2. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші тақырыбын қайталау. Формулаларды жаттау.






Саралау-оқушларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беру, тапсырманы орындауына қарай ынталандыру, қосымша тапсырмалар беріп, білімдерін арттыру.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ өткендег мақсаттарды дұрыс қоя отырып, оқушылармен ой бөлісіп, олардың пікірлерінде тыңдап, оқушыларға түсінкті сабақ өту жолдарын қарастырамын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет