Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні
|
Технология
|
9-сынып
|
Пән мұғалімі:
|
Қожахметова Элеонора Насымханқызы
|
Сабақ тақырыбы:
|
Кестедегі ою-өрнек, түс.
|
Жалпы мақсат:
|
Кестеге сурет таңдау, суретті матаға дұрыс орналастыру, көшіру, көркем тігіс түрлері, жіптің түстері туралы ұғымды қалыптастырп, білімдерін кеңейту.
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Кестедегі ою-өрнек түрлерімен танысады, тұстер үйлесімділігін ажыратады, өздігінен жұмыс жүргізеді, алған білімін келешекте өз өмірінде пайдалана алады.
|
Сабақта қолданылатын материалдар, құралдар:
|
Нұсқау карта, қайшы, тоқыма жіп, ине, түйреуіш, майшам, фетр, эскиз, кесте, стикер, ноутбук
|
Оқыту әдістері:
|
Жеке, топтық жұмыс, СТО стратегиялары (Блум таксономиясы, оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма)
|
Дерек көздері:
|
интернеттен алынған материал, слайд
|
Сабақтың өтілетін уақыты:
|
45 минут
|
Сабақ жоспары:
|
1. Ұйымдастыру: оқушыларды топқа бөлу, мақсат қою
2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
3. Рефлексия
4. Үйге тапсырма
|
Тапсырмалар:
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
(психологиялық тренинг)
|
Психологиялық тренингті орындайды.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Сәйкестендіру жұмысы
Техникалық кауіпсіздік ережелері (қайшымен, инемен жұмыс)
Бағалау парағын таратамын.
|
Құрал-жабдықтарын түгендеп, көрсетеді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.
|
сабақ тақырыбын ашады.
|
Білу
|
«Блоб ағашын» бояту
ЖИГСО тәсілімен мәтінді оқу, талдау, айту. Жұппен жұмыс.
Қазақ кестесіндегі түрдің құбылуы, түс ою-өрнектің қолданылуы мен композициясының үйлесуіндегі үлкен рөл атқарады.
Қазақ шеберлерінің негізгі ерекшелігі түстердің құбылу үйлесімділігін қолдана білуінде. Түстер гаммасы шектеулі: қызыл,жасыл, сары, көк, ақ. Көне кестелердің түстері монохромды. Басым түс – қызыл күннің, оттың символы.
Қазақтың ою-өрнек топтары (өсімдіктекті, жануартекті, геометриялық және космогониялық) белгілі бір мағынаға ие. Қазақ ою-өрнектерінде бүтінді бөлшекпен алмастыратын зооморфтық мотивтер ең маңызды орын алады. Кейде бір образда әртүрлі жануарлардың бөлшектері қатар қолданылады.
Ою-өрнек түрлері
Ақ түс - қасиетті түс. Тазалықтың, бақыттың, ададықтың белгісі, ақиқттың символы.
Жасыл – бақытты жастық шақ пен көктемнің белгісі.
Қызыл – от, күн көзінің белгісі, махаббат.
Көк – аспанның белгісі
Сары – сағыныштың, ақыл-парасаттың белгісі.
Қара – жердің белгісі, сонымен қатар мақсат, амандық, саулық
Басты көркем мотив – мүйіз, қошқар мүйізінің суреті. Онымен байлық болады. Мал көбейеді, қорғайды деген түсінік байланыстырылады. Мүйізбен текеметтер, сырмақтар, алаша сонымен қатар сәулеттік құрылыстар безендіріледі. Пайдаланылатын түстер: кірпіш түсті қызыл, сары, көк, жасыл және қоңыр, қара.
Сыңармүйіз – қазақ ою-өрнегіні ңең көп тараған түрі. Бұл мотивтің ырғақтық құрылымын композиция жиегі көмкереді. Көп тараған түс – қызыл және қара.
|
Достарыңызбен бөлісу: |