Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



бет1/3
Дата25.03.2017
өлшемі208,78 Kb.
#12362
түріСабақ
  1   2   3
30 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Бордың кванттық постулаттары. Лазерлер.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда Бордың кванттық постулаттары, лазерлер туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: физиотерапия.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: «Э.Резерфордтың өмірі және ғылымға қосқан үлесі»


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Бордың кванттық постулаттары.

  • Лазер сәулесі.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Атомның ядролық моделін түсіндірудегі туындаған қиыншылықтан шығудың жолын 1913 жылы Н. Бор көрсетті. Бор өз көзқарастарын төмендегі постулаттарында тұжырымдады:



  1. Атомдық жүйе тек ерекше станционарлық немесе кванттық күйлерде орналаса алады; олардың әрқайсысына белгілі энергия сәйкес келеді. Стационар күйде атом электро-магниттік толқындар шығармайды.

  2. Атом бір стационарлық күйден екіншісіне өткенде электро-магниттік сәуленің кванты шығарылады немесе жұтылады. Фотонның энергиясы атомның екі стационарлық күйдегі энергиялардың айрымына тең: , мұндағы һ-Планк тұрақтысы.

1916 жылы А. Эйнштейін атомдағы электрон жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгісіне өткендегі шығатын сәуле сыртқы электромагниттік өрістің әсерінен де болуы мүмкін деген болжам ұсынды. Осындай сәуле шығаруды еріксіз немесе индукциялық сәуле шығару деп атайды.

Еріксіз сәуле шығарудың ерекшелігі – оның монохроматтылығы және когеренттілігі. Осы қасиет лазерлік қондырғылардың негізіне алынған. Индукциялық сәуле шығару нәтижесінде алынған жаңа фотон орто арқылы өтетін жарықты күшейтеді.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

І. Бекіту сұрақтары:

  1. Бор постулатының физика ғылымы үшін маңызы неде?

  2. Бордың І постулатын тұжырымдаңдар.

  3. Бордың ІІ постулатын тұжырымдаңдар.

  4. Энергетикалық диаграммалар дегеніміз не?

  5. Энергетикалық деңгей дегеніміз не?

  6. Лазер сөзі қай тілден енген және қандай мағынаны білдіреді?

  7. Негізгі және қозған күйлерге анықтама беріңдер.

  8. Лазер сәулесінің басқа сәулелерден артықшылығы қандай?

  9. Лазер сәулесінің түрлері қандай?

  10. Лазер сәулесінің күнделікті тұрмыста қолданылуларына мысалдар келтіріңдер.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: «Лазер сәулесінің медицинада қолданылуы»


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Бордың элементар теориясы

Атомның ядролық моделi α-бөлшектердiң жұқа алтын фольгадан шашырауын дұрыс түсiндiргенiмен екiншi жағынан басқа қиындыққа жолықты. Оның мәнiсi мынада болатын. Классикалық электродинамика заңдары тұрғысынан атомның планетарлық моделi тәрiздес жүйелер орнықты болмауы тиiс едi. Себебi, электрон ядроны айнала үдей қозғалатын болғандықтан өзiнен электромагниттiк сәуле шығаруы тиiс. Ал бұлай сәуле шашу оның энергиясын кемiтедi де соның салдарынан электронның айналу радиусы бiрте-бiрте кемiп, түбiнде ол ядроға құлап түсуi тиiс болатын. Бiрақ тәжiрибе бұған мүлдем керi нәтиже бередi. Атом орнықты жүйе және ол қозбаған күйде болса өзiнен ешқандай да сәуле шығармайды.



Теория мен тәжiрибенiң арасындағы осындай қарама-қайшылықты шешу жолында ғалымдарға бiраз тер төгуге тура келдi. Бұл бағыттағы зерттеулер барысында алғашқы елерлiктей табысқа дат ғалымы Нильс Бор жеттi. Ол классикалық физиканың атомдық жүйеге қатысты барлық көзқарастарын қайта қарай келiп, оның атомдарға қатысты жаңа тәжiрибелiк деректердi түсiндiруде дәрменсiз екенiне көзi жеттi. Бұл жерде классикалық физика ұғымдарының ауқымынан тысқары шығу қажет болатын. Нильс Бор 1913 жылы солай жасады да, ол атомның жарықты шығаруы мен жұтуы жөнiндегi өзiнiң түсiнiгiн мынадай екi постулат түрiнде тұжырымдады :

  1. Атомдық жүйе тек ерекше станционарлық немесе кванттық күйлерде орналаса алады; олардың әрқайсысына белгілі энергия сәйкес келеді. Стационар күйде атом электро-магниттік толқындар шығармайды.

  2. Атом бір стационарлық күйден екіншісіне өткенде электро-магниттік сәуленің кванты шығарылады немесе жұтылады. Фотонның энергиясы атомның екі стационарлық күйдегі энергиялардың айрымына тең:

, мұндағы һ-Планк тұрақтысы.

Әрбір атом шексіз ұзақ бола алатын, энергиясы ең аз стационарлық күй негізгі күй деп аталады. Барлық қалған стационарлық күйлер қоздырылған күйлер деп аталады.

Бор постулактарының атом физикасына еңгізген негізгі өзгерісі барлық физикалық шамалардың өзгерісінің үзіліссіздігінен бас тарту және атомның ішкі күйін сипаттайтын физикалық шамалардың квантталатыны жөніндегі идеяны қабылдау болып табылады. Бұл идеяға сәйкес атомдағы ядро мен эленның ара қашықтығы, электронның атомдағы кинетикалық және потенциалдық энергиялары, оның дөңгелек орбита бойымен қозғалысының жылдамдығы дискретті мәндерге ғана ие бола алады.

Атомдардың стационарлық күйлерін күрнекті ету үшін энергетикалық диограммалар қолданылады. Энергетикалық диаграммада атомның әрбір стационар күйі энергетикалық деңгей деп аталатын горизонталь сызықпен белгіленеді. Энергетикалық диаграмманың ең төменінде орналасқан энергетикалық деңгейге атомы Е1 энергиялы негізгі жүйе сәйкес келеді. Қоздырылған күйлердің энергетикалық деңгейлері негізгі және қоздырылған күйлердің, энергияларының айырмасына пропорционал қашықтықтарда негізгі деңгейден жоғары орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет