№ 28 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы
|
Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І. Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары. Фотоэффект.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларда фотон, фотон энергиясы, фотоэффект ұғымын қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, интрактивтік тақтада зертханалық жұмыс.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: биология
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:
Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: Рентген сәулесінің медицинада қолданылуы.
Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 1131, 1132, 1134, 1136
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Фотоэффект. Ішкі және сыртқы фотоэффект.
Фотоэффект заңдары.
Жарық қысымы.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 20 минут
Элементар бөлшектердің және солардан құралған жүйелердің қозғалысы мен өзара әсерлерінің теориясы жарық кванттары деп аталады.
Атомдар энергияны үздіксіз шығарып тұрмайды, оны жеке үлестер және кванттар түрінде шығарады. Әрбір үлестің энергиясы E=h* формуласыменанықталады.
Мұндағы h=6,63*10 Дж*с=4,1410-15эВ*с - Планк тұрақтысы деп аталады, -жарықтың жиілігі.
Электромагниттік энергия жеке жұтылады. Бұл- фотоэффект құбылысымен түсіндіріледі.
Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті, неміс ғалымы Ф.Ленард, американ ғалымдары Р.Э. Миллекен үлкен үлес қосты.
Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:
Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;
1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибесі;
1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;
6. Жаңа материалды бекіту – 30 минут
І. Бекіту сұрақтары:
Макс Планк гипотезасы қалай тұжырымдалады? (Планк электромагниттік сәулелену үздіксіз емес, жеке энергия үлестері – кванттар түрінде шығарылады)
Әр кванттың энергиясы неге тең? (Әр кванттың энергиясы жиілікке пропорционал: E=hv)
Планк тұрақтысы неге тең? (h=6,63·10-34Дж·с)
Фотон дегеніміз не? (Фотон дегеніміз – жарық кванты. Фотон деп кез келген жарық толқындарын айтуға болады.)
Фотон қандай бөлшек? (Фотон – элементар бөлшек)
ІІ. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 1103, 1104, 1105, 1106, 1107, 1108-есептер.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут
9. Үй тапсырмасы-5 минут:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: Фотосинтез және фотографиялық процесс
2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 1117, 1118, 1123, 1126
10. Әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________
Жарық кванттары. Фотоэффект.
Элементар бөлшектердің және солардан құралған жүйелердің қозғалысы мен өзара әсерлерінің теориясы жарық кванттары деп аталады.
Атомдар энергияны үздіксіз шығарып тұрмайды, оны жеке үлестер және кванттар түрінде шығарады. Әрбір үлестің энергиясы E=h* формуласыменанықталады.
Мұндағы h=6,63*10 Дж*с=4,1410-15эВ*с - Планк тұрақтысы деп аталады, -жарықтың жиілігі.
Электромагниттік энергия жеке жұтылады. Бұл- фотоэффект құбылысымен түсіндіріледі.
Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті, неміс ғалымы Ф.Ленард, американ ғалымдары Р.Э. Миллекен үлкен үлес қосты.
Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:
Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;
1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибесі;
1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;
1905 жылы Энштейн фотоэффектіге түсініктеме берді. Энергияның жұтылған үлесі hv металдан электрондарды шығаратын және оған кинетикалық энергия hv=A+mυ2/2 беретін А шығу жұмысын атқаруға жұмсалады. Егер жарық жиілігі ν< νmin болса, онда фотоэффект байқалмайды. Мұндағы vmin =A / h фотондардың қызыл шекарасы деп аталады.
Жарықтың шығуы және жұтылуы кезінде корпускулалық қасиеттері байқалады. Жарық бөлшегі жарық кванты немесе фотон деп аталады. Фотон энергиясы E=hv=ћω формуласымен анықталады. Мұндағы ћ=h/2π=1,05*10 Дж*с, ал ω - циклдік жиілік. Фотонның p импульсі p=h/λ формуласымен анықталады.
Толқынның электр өрісінің әсерінен денедегі электрондар тербеліс жасайды да, электр тогы пайда болады. Бұл ток электр өрісі кернеулігінің бойымен бағытталады. Реттелген қозғалыстағы электрондарға магнит өрісі тарапынан толқынның таралу бағытына қарай бағытталған Лоренц күші F әсер етеді. Бұл жарық қысымының күші болып табылады. Жарық қысымын алғаш рет орыс физигі Петр Николаевич Лебедев 1900 жылы өлшеді. Кванттық теория тұрғысынан алғанда фотондар жұтылғанда олардың денеге беретін импульстерінің нәтижесінде қысым көрініс береді. Яғни жарық бөгеттерге қысым түсіреді.
Заттың жарықты жұтуы жарықтың химиялық әсерімен қарбалас өтеді. Өсімдіктердің жасыл жапырақтарында және көптеген микроорганизмдерде ең маңызды химиялық реакциялар жарықтың әсерімен өтеді. Жапырақтар атмосферадан көмірқышқыл газын жұтады да, ол болса көміртегі мен оттегіне ыдырайды. Фотосинтез процесінің мәні осында.
Фотоэффект заңдары:
1-ші заңы:
Жарықтың металл бетінен 1с ішінде ыршытып шығаратын электрондардың мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық толқындарының энергиясына тура пропорционал болады.
2-ші заңы:
Фотондар максимал кинетикалық энергиясы жарық жиілігіне қарай сызықты түрде артады.
Достарыңызбен бөлісу: |