№ 6 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы
|
Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І. Сабақтың тақырыбы: Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға ауаның ылғалдылығы, қайнау, кризистік температура туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: гигиена
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:
1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 548, 549-åñåïòåð.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықтары.
Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар.
Шық нүктесі.
Қайнау.
Кризистік температура.
Заттың кризистік күйлері.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.
Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.
Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:
=(р*100) / рқ
Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды.
6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут
1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 561, 562, 562-åñåïòåð.
2. Физикалық диктант (қосымша тіркелді)
3. Тест (қосымша тіркелді)
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут
9. Үй тапсырмасы-5 минут:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жүмысы «Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері»
2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 564, 565-åñåïòåð.
10. Әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________
Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.
Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қайнау үшін сұйық жеткілікті дәрежеде жоғары температураға дейін қыздырылуы қажет. Қайнау кезінде сұйықтағы газдың көпіршіктері маңызды роль атқарады. Көпіршіктердің ішіндегі қаныққан бу қысымы сыртқы қысымнан артық не тең болса, онда көпіршіктер сұйықтың бетіне шығады да жарылады. Яғни қайнаудың шарты төмендегідей жазылады: рқ р0.
Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.
1861 жылы Менделеев әрбір сұйық үшін сұйық пен оның қаныққан буының арасындағы айырмашылық жоғалып кететін температураның болуы тиіс екенін тағайындады. Менделеев оны абсолют қайнау температурасы деп атады. Будың сұйыққа және керісінше айналуын ағылшын ғалымы Эндрюс тәжірибе жолымен зерттеді. Ол әрбір сұйық үшін осындай температураның болатынын көрсетті және жаңа кризистік температура деген термин енгізді.
Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.
Әдетте газ деп заттың газ күйін, яғни температурасы кризистік температурадан жоғары кездегі, ал бу деп температурасы кризистік температурадан төмен кездегі заттың күйін айтады.
Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:
=(р*100) / рқ
Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды. Ауаның температурасын біле отырып және шық нүктесін анықтап, ауаның ылғалдылығын есептеп табуға болады.
Ауаның салыстырмалы ылғылдылығын анықтауға арналған құралдар: психрометр және гигрометрлер.Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі шаштың (жылқы жалы) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген. Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген.
Психрометр құрғақ және ылғал екі термометр бекітілген корпустан тұрады. Психрометрлік кесте бойынша термометрлер көрсетіп тұрған температуралар айырымы арқылы ауаның ылғалдылығын табады.
ТЕСТ
1. Кез келген температурада сұйық бетінен молекулалардың ұшып шығу процесін ............ деп атайды.
Ответ1. Конденсация;
Ответ2. Булану;
Ответ3. Қайнау;
Ответ4. Сұйықтың буы.
2. Егер булану тұрақты температурада жабық ыдыста жүрсе, онда оны ..... процесі деп атайды.
Ответ1. Конденсация;
Ответ2. Булану;
Ответ3. Қайнау;
Ответ4. Сұйықтың буы.
3. Буға айналу кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар жиынтығын ...... деп атайды.
Ответ1. Конденсация;
Ответ2. Булану;
Ответ3. Қайнау;
Ответ4. Сұйықтың буы.
4. Сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін ......... деп атайды.
Ответ1. Конденсация;
Ответ2. Булану;
Ответ3. Қайнау;
Ответ4. Сұйықтың буы.
5. Қаныққын бу деп ........ айтамыз.
Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;
Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;
Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
6. Қанықпаған бу деп ........ айтамыз.
Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;
Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;
Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
7. Будың изотермы деп ........ айтамыз.
Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;
Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;
Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
8. Меншікті булану жылуы деп ......... айтамыз.
Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;
Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;
Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
9. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп ........ айтамыз.
Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;
Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100-ке тең болатын температураны;
10. Шық нүктесі деп ........ айтамыз.
Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;
Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;
Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.
Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100-ке тең болатын температураны;
Физикалық диктант
1.Температура өзгермен жағдайда кәдімгідей қосу арқылы газды сұйықа айналдыратын болсақ , онда оны бу дейміз , дәлірек айтқанда ........... бу дейміз. (қаныққан)
2......... деп аталатын белгілі бір температурада екі қисық тұйісіп қосылады , яғни сұйықтын тығыздығы будын тығыздығына тәуелді . (кризистік)
3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін прибор .....деп аталады .
(психрометр)
4. Қаныққан бу қысымы көлемге тәуелсіз болғандықтан , .......тек температураға ғана тәелді болады .(қысым)
5. Көпіршіктердегі қаныққан будың қысымы сұйық ішіндегі қысыммен теңнлген кездегі температура ................. басталады .(қайнау)
6. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары жойылатын температура ......... температура деп аталады . (кризистік)
7. Қаныққан бу қысымы неғұрлым жоғары долса , соғұрлым оған сәйкес сұйықтың қайнау температурасы төмен болады , өйткені төменгі ..... қаныққан будын қысымы атмосфералық қысымға теңеледі .(температурада)
8. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек , онда су буының түсіретін қысымы су буының ..........қысымы дейді . (парциал)
Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері
Үйдің микроклиматы да денсаулыққа өзіндік әсер етеді. Оның аса құрғақ болуы да, шамадан тыс ылғалды болуы да зиянды.
Негізінен, ауадағы будың көп болуы абсолюттік ылғалдылық деп аталады. Тұрмыста салыстырмалы ылғалдылық қолданылады. Ол бөлме ауасындағы ылғалдылықты абсолюттік ылғалдылыққа бөліп, пайызын білу арқылы анықталады. Гигиена үшін ең дұрысы — ауадағы 30-60 пайыздық ылғалдылық. Осы ылғалдылықтың 20-80 пайыз арасында ауытқуы да мүмкін. Оның зияны жоқ. Тек ауа тым құрғақ болса, адамның тыныс жолдарын, тамағын құрғатып жіберіп, мазасын алады. Қыста жеке үйге от жаққанда бөлмедегі ауа құрғап кетпеуі үшін арнайы қыш ыдыстарға су құйып, оны батареяларға байлап қояды. Бөлмеде гүлдер өсіп тұрса, оның ауасын жаңартып, жақсартып тұру үшін ол өте пайдалы. Үйдің ішін жиі жуып, дымқыл шүберекпен сүртіп тұрған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |