5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
Физиканың жарықтың электромагниттік толқындарының шығарылуына, таралуына және затпен өзара әсерлесуіне байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін бөлімі оптика деп аталады. Жарық толқындары электромагниттік толқындар шкаласында ультрақысқа миллиметрлік радиотолқындардан бастап, гамма – сәуле шығаруға дейінгі орасан зор диапазонды қамтиды.
Геометриялық оптикада жарықтың біртекті ортада таралу заңдылықтары қарастырылады.
Егер ортаның сыну көрсеткіші оның барлық жерінде бірдей болса, онда орта оптикалық біртекті орта деп аталады. Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |