2-жүргізуші:V кезең. Капитандар сайысы.
2 капитанға 2 әннің мәтіні беріледі.
1-тапсырма.
Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай.... (Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Жұлдызды түнде шаттанамын... (Жұлдыздардың ашық түнде жарқырауы физикалық құбылыс)
2-тапсырма. Формула құрастыр. F, υ, m, W, N, S, k, g, P, ρ, V, c, T, q, t, R, ρ٫ μ, Ј, a, v, h, M, x, r;
1-жүргізуші: VІ кезең. Фантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топтар оның қандай құбылыс екенін анықтайды.
1. Зарядтардың әрекеттесулері (бірін-бірі тарту және тебу құбылыстары).
2. Деформация (созылу, иілу, бұралу).
2-жүргізуші
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер...деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |