Сабақ жоспары Практикалық сабақ



бет5/13
Дата29.01.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8210
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13





Сөздік

Қолданылады – применяется

Сайқымазақ – карикатура

Кәдуілгі – обыкновенный

Сұйқылт – жидкий

Ұшырасады – встречается

Күйе – сажа

Желім – клей

Кептіреді – сушат

Жасау – создать

Жаңқалар – шепочки

Қауырсын – перо

Дәртсіз – инертна
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Тушьтар қандай суреттерді салуда жиі кездеседі?

  2. Тушьпен суреттерді салу үшін қандай құралдар қолданылады?

  3. Кәдуілгі тушь қандай күйде ұшырасады?

  4. Жапон суретшілері тушьты қалай жасайды?

  5. Қоспадан не істейді?

  6. Жұмыс жасар алдында кесек бояулармен не істейді?

  7. Кімдердің бейнелеу өнерінде өз дәстүр, өз ерекшеліктері бар?

Буын түрлері


Қазақ тілі дауыстыларының дауыссыздарынан басты айырмашылығы - дауыстылар буын құрай алады.

Сөздің айтылуында бөлшектенетін бір толқынды буын деп атайды.

Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:



  1. Ашық буын дегеніміз - бір дауысты дыбыстан ғана тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын буын.

Мысалы: А - ла - са.

  1. Тұйық буын дегеніміз - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын. Мысалы: Ор, үй.

  2. Бітеу буын дегеніміз - дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын. Мысалы: Жер, құр.

























Назар аударыңыз!


Тәуелдік жалғаулары
Иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады
Оңаша түрі


Жақ

Тәуелдік жалғаулары

Мысалдар

І

- м, - ым, -ім

қауырсыным, желімім

ІІ

-ің, -ың

қауырсының, желімің




-іңіз, -ыңыз, -ңыз, -ңіз

қауырсыныңыз, желіміңіз

ІІІ

- ы, -і, -сы, -сі

қауырсыны, желімі

Ортақ түрі




Жақ

Тәуелдік жалғаулары

Мысалдар

І

- мыз, - міз, - ымыз,

-іміз


қауырсындарымыз, желімдеріміз

ІІ

-ің, -ың

қауырсындарың, желімдерің




-іңіз, -ыңыз, -ңыз, -ңіз

қауырсындарыңыз, желімдеріңіз

ІІІ

- ы, -і, -сы, -сі

қауырсындары, желімдері


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Төмендегі сөздерді тәуелдеңіз

қауырсын, суретші, әрекет, бояу, шыны, бейне.



4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз:

қара бояу, суға ерітеді, бейнелеу өнері, суретшілер, кәсіпкер, негізі сала, ағаш шеберлері, қыл қаламдар.



5. Көп нүкте орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазыңыз

Мен қыл қалам...ды сурет салуға Есенге бердім.

Сен темір қаламұш...ды Меруертке бер.

Біздің салған сурет... көрмеде ілулі тұр.



6. Қазақ тіліне аударыңыз:

Тушь наиболее широко применяется для рисования, особенно при создании комиксов и карикатур. Рисунки, выполненные любой разновидностью туши, отличаются светостойкостью, так как основной ее компонент — сажа — химически инертна. Тушь — материал для рисования кистью или пером, используется в графической технике сухая кисть. Особенностью рисунков, сделанных тушью, является штриховая манера исполнения. Трудность работы заключается в особой чувствительности пера, легко изменяющего характер линии.



7.Берілген сөздердің антонимін тауып жазыңдар:

жылдам,қисық, табиғи, жарық, табылады, береді.



8. Жұмбақты шеш:

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?

(с....)


9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Практикалық сабақ №7



Мақсаты:фонетика бөлімі

4.Тест орындау

5.Сабақты қорытындылау бойынша білімдерін қорытындылау..

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

Практикалық сабақ №8



Мақсаты:сөздердің көпмағналығы,антоним,синоним,омонимтуралы тұсініктерін жаттығу арқылы пысықтау;мәтін бойынша теориялық білімдерін тиянақтау.

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс



Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын

білім- ғылым арқылы танып білуге болады

Абай Құнанбаев.
Гуашь
Гуашь - бояудың бір түрі. Оны да акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алу керек. Бірақ, ол акварельдей емес, қағаз бетіне мөлдіреп түспей, қалың жағылады. Өйткені, гуашьты ақ ұнтақ қосып әзірлейді.

Гуашь масатының бетіндей біртегіс жұмсақ боп жағылады. Балалар, әсіресе, сәбилер осынау айқын да жарқын бояуды өте жақсы көреді. Онымен жұмыс істеу де өте оңай. Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, оны үстінен басқа бір түсті бояу жағып өзгерте саласың. Орта ғасырларда гуашьтың көмегімен кітаптар әшекейленді. Кейін,гуашьпен салу техникасын портреттерді, эскиздарды және басқа да даярлану жұмыстарын орындау кездерінде қолданған. Рессейдегі «Бейнелеу әлемі» суретшілер одағы, гуашьпен үлкен станоктік шығармаларды, театрлық декорацияларды, киім-кешектердің суретін салуға қолданып отырған.


Сөздік
Жұмсақ – мягкий

Жарқын – яркий

Акварель сияқты – как акварель

Айқын – ясный

Өйткені – потому что

Түс – цвет

Қағазға тигізбес бұрын – не накладывая на бумагу

Суға езіп алу – растворить в воде

Тегіс – равномерно

Әсіресе – особенно

Бір түсті бояу – краска одного цвета

Ақ ұнтақ – белый порошок

Қалың жағылады – накладывается толстым слоем

Ұнамаса – не понравится


Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Акварель мен гуашьтың айырмашылығы неде?

  2. Жарқын бояуды кімдер жақсы көреді?

  3. Гуашьтың акварельге қарағанда қалың жағылуының себебі неде?

  4. Гуашь дегеніміз не?

  5. Гуашь қандай боп жағылады?

  6. Қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, не істеуге болады?

Каталог: uploads -> doc -> 125a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
125a -> Сабақ тақырыбы: 1980 жылдардан бергі ақындар айтысы Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет