Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
|
І
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.
|
|
ІІ
|
Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді.
1. Ауданның ЭГЖ
2. Әкімшілік-аумақтық құрамы
3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру
4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы
5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау
6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау
7. Аумақтық-өндірістік кешендері
8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар
9. Ірі қалалары
10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары
11. Аудан экономикасының даму болашағы
Орталық Қазақстан экономикалық аудан ірі өнеркәсіптік аудан екенін айтып, бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.
|
Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өз беттерінше сипаттама жасайды. Олар ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кеніне басты назар аударады. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы.
Оның құрамына Қарағанды облысы кіреді. Халқының урбандалуы 86% жуық. Халқының орташа тығыздығы 5 адам.
Қазақстан көлігі картасын пайдалана отырып, Орталық Қазақстан арқылы қандай көлік магистральдары өтетіндігіне тоқталу керек. Елдің қандай аймақтарында жол қатынасы дамыған; ішкі сауда қатынасының даму мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға берген оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады.
Ауданның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары жөнінде айтқанда, физикалық картаны пайдалана отырып, оқушылар берілген аумақтың жер бедері ерекшеліктері мен климат жағдайы туралы білім алады. Бұл сұрақта қиындықтар туса, мұғалім көмектеседі. Шаруашылық дамуының қайнар көзі – табиғи ресурстары, оларға елдің бұл бөлігі өте бай. Сондай-ақ аудандағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары аталады.
Ертіс-Қарағанды каналы 1962 жылы салынған. Ұзындығы – 500 км, ені – 40 км дейін және тереңдігі - 5-7 м. Оған СЭС-тер мен әр түрлі деңгейдегі гидротехникалық құрылыстар салынған. Канал Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы өнеркәсіп орталықтарын қамтамасыз етеді.
|
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Әр экономикалық ауданның қандай басты салаға маманданғанын қалай анықтауға болады?
2. АӨК-не анықтама беріңдер. АӨК-ң маңызы қандай?
3. Орталық Қазақстан ЭГЖ ерекшелігі қандай?
4. Орталық Қазақстан қандай ресурстарға бай және қандай ресурстар жеткіліксіз болды?
5. Табиғат жағдайының шаруашылыққа қолайлы және қолайсыз жақтарын атаңдар.
6. Орталық Қазақстан аумағындағы халықтың қоныстануы. Өткен ғасырдың ортасында халық санының көбеюіне қандай себептерге байланысты болды?
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
1. Мамандану коэффициенті формуласын пайдаланады. К=А/Х
2. АЭК- мемлекетіміздің халық шаруашылығында метариалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.
3. Ауданның кемшілігі – ішкі экономикалық байланыстардың аздығы, басқа республикалармен шекараның жоқтығы.
4. Ауданның негізгі байлығы болып саналатын – көмір кен орындары мен Қостанай облысындағы темір кені. Ал су ресурстарға тапшы.
5. Минералдық шикізат өндіру, ұстастыратын материалдар өндірісі, үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі.
6. ҰОС кейін және тың жерін игеру кезеңде славян ұлт өкілдерінің келуі себеп болды.
|
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §19-20 оқып, мазмұнын айту.
2. 230 бет және 235 бет – Тесттер орындау.
3. 235 бет – 1, 2 тапсырмаларын орындау.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.
|
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
|