Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады.
|
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды. Балалардың дәптерлерін тексереді, олардың орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды тексереді.
|
Оқушылар, ең алдымен, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын дәптерлерін тексеруге береді, өздерінің орындаған тест тапсырмалары мен жаттығуларды көрсетеді.
|
|
ІІІ
|
Ең алдымен мұғалім аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салалары қандай деген сұрақ қояды.
Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды.
Мұнда елдің 20% шоғырланған. Тетік және қосымша бөлшек шығаратын өнеркәсіптің үлесі 27%, ал ауыл шаруашылығының үлесі – 15% құрайды.
Аудан республика көлемі бойынша 17% жуық халықтың тұтыну тауарларын шығарады.
Әр аумақтағы мамандырылған салаларға сипаттама беріледі. Мұғалім ауданның өнеркәсіптік байланыстарын бөліп көрсетеді. Олар: Қарағанды-Теміртау (көмір өндіру, машина жасау, құрылыс өнеркәсібі), Балқаш-Жезқазған (түсті металлургия).
Оқушыларға АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасау ұсынылады.
Орталық Қазақстанның шаруашылық салаларының дамуына үлесін қосқан ауданның негізгі кәсіпорны – көмір өнеркәсібіне көңіл бөліну керек. 30-жылдары Қарағандыда КСРО кезінде құрылған көмір базалары Оралды, Орта Азияны, Повалжьені және Қазақстанды отынмен қамтамасыз еткен. Қазір мұнда 37% тас көмір және 100% коксті көмір өндіріледі.
Республикамыздағы ірі металлургия кәсіпорындары – Қарағанды металлургия комбинаты, Теміртау шойын және қара металлургия комбинаттары жатады.
Орталық Қазақстан аумағында Жәйрем қорғасын-мырыш кен байыту комбинаты – қорғасын өндірсе, Ақжол полиметалл кен байыту комбинаты – вольфрам-молибден кендерін пайдаланып, жұмыс істейді.
Орталық Қазақстан шаруашылығында химия өнеркәсібі басты орында, ол металлургия өнеркәсібінің қалдықтарын өңдейтін қосымша сала ретінде дамуда.
Ауданда машина жасау және металл өңдеу өркендеуде.
|
Аймақтағы мамандандырылған өнеркәсіп салаларын анықтау үшін көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындары картасын пайдаланады.
Мұғалімнің көмегімен оқушылар аймақтың кешендері мен салаларын мамандандыру туралы оқып үйренеді. Орталық Қазақстанның өндіріс ерекшеліктерін, қара және түсті металлургия салаларының орналасуы қандай алғышарттар сәйкестендірілгенін анықтайды.
Оқушылар АЭК-ң өндірістік байланыстарының біріне сызбанұсқа жасайды.
Аумақтағы шаруашылықты мамандандыру туралы ұғымды бекітіп, оқушылар Орталық Қазақстанның салаларын мамандандыру туралы қорытынды жасағанда, әсер ететін факторларды негізге алып, қорытындыны төмендегідей кесте түрінде жасайды.
Одан кейін балалар ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына тоқталады.
|
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып беріңдер. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіріңдер.
2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқарады?
3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтыңдар.
4. Келесі кестені толтырыңдар.
Сосын келесі тапсырма береді:
1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтаңдар.
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
1. Орталық Қазақстанның ауыр өнеркәсібі туралы айтып береді. Ауданның өнеркәсіптегі салаішілік және салааралық байланыстарына мысалдар келтіреді.
2. Ауданның АЭК құрамында тамақ және жеңіл өнеркәсібі қандай рөл атқаратынын айтады.
3. Ауданның өнеркәсіптік байланыстары туралы айтып береді.
4. Келесі кестені толтырыңдар.
Сосын тапсырманы орындайды.
1. Оқулық мәтіні мен 85 және 133 суреттерді пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп тораптарында қандай металл түрлері балықылатынын анықтайды, қорытындыны мына кесте түрінде көрсетеді.
|
|
V
|
Үй жұмысы:
1. 245 беттегі Тесттер тапсырманы орындау.
2. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы баяндамаларды дайындау.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне апарады.
|
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.
|
|