Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Кезең Мұғалім әрекеті



бет134/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті




І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.




ІІ

Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспарын үйретуді жалғастырады. Яғни, жоспардың өткен сабақта қарастырылмаған пункттерін қарастырады. Жоспардың қарастырылмаған сұрақтары:
5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау
6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау
7. Аумақтық-өндірістік кешендері
8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар
9. Ірі қалалары
10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары
11. Аудан экономикасының даму болашағы
батыс – еліміздің басты мұнай базасы екендігін айтып өтеді. Мұнай жергілікті жерде (Атырауда) өңделіп, темір жол арқылы Павлодарға, ал мұнай құбырлары мен танкерлер арқылы – Ресейге, Еуропаға және дүние жүзінің басқа аймақтарына шығарылады. Сондықтан Батыс бір уақытта аудан аралық та, халықаралық та еңбек бөлінісіне қатыса алады.
Бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.

Қазақстан көлігі картасын пайдалана отырып, Батыс Қазақстан арқылы қандай көлік магистральдары өтетіндігіне тоқталу керек. Көліктің барлық түрін пайдаланады. Мемлекетаралық маңызға ие құбыр жолдары: Ақтау – Атырау – Самара (Ресей), Орта Азия – Орталық, Бұқара – Орал (Ресей), Атырау – Ор (Ресей), Қарашығанақ – Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен – Атырау – Самара (Ресей). Елдің қандай аймақтарында жол қатынасы дамыған; ішкі сауда қатынасының даму мүмкіндіктері қандай деген сұрақтарға берген оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады.
Шаруашылығының басты өзегі – мқнай өндіру. Одан басқа мамандану салалары – мқнай өңдеу, газ, химия және тамақ өнеркәсіптері, қара металлургия мен машина жасау. Аймақ шаруашылығының қарқынды даумы нәтижесінде 4 ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты: Атырау-Ембі, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал өнеркәсіп тораптары, олардың әрқайсысына тоқталып кетеді. Мұнайды көп өндіретіні Атырау, облысы, ал газды Атырау және Батыс Қазақстан облыстары. Химия өнеркәсібі негізінде Ақтөбе облысында, машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құралы-жабдықтар шығарады. Ауыл щаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы. Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және өңдеу салалары ерекше орын алады. 
Аймақтың ірі қалалары – Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал. Олардың әрбіреуіне қысқаша сипаттама береді.
Экологиялық проблемаларына қатысты Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер ететінін баса атап өтеді.




ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді:
оқулықтың 278-бетіндегі 2, 3, 4 тапсырмаларын береді.

Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды.
278бет. 2) а) мұнай және мұнай өнімдері, металл, астық; ә) мұнай және мұнай өнімжері; б) металл, астықтың; 3) а-мұнай өңдеу кәсіпорындары, ә-мұнай құрал-жабдықтарын шығаратын кәсіпорындары, б-нан өнімдерін шығару. 4) Орал: а)1584 жылы құрылған (қазіргі орнында 1613 жылдан бері), ә)224 мың, б) машина жасау, тамақ өнеркәсібі; Атырау: а) 1640, ә) 196 мың, б) мұнай өңдеу, машина жасау; Ақтөбе: а) 1869 ж, ә) 277 мың, б) қара металлургия, химия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі; Ақтау: а) 1963 ж, ә) 174 мың, б) химия, машина жасау




ІV

Үй жұмысы:
1. §25 оқып, мазмұнын айту.
2. 280 бет – Тест сұрақтарын орындау.
3. 278 бет – 1 тапсырманы орындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.




V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады. 






Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет