8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орны мен шекаралары.
Мақсаттары: Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Павлодар облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.
Дамытушылық: Дүниежүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.