Сабақ №23, 24 Күні: 25.11.09/27.11.09
Сынып: 8 «А,Б»
Тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан аумағында ылғалдылықтың маусым бойынша жауын-шашынның таралу заңдылықтары туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымды қалыптастыру. Ылғалданудың табиғат зоналарының қалыптасуындағы ролін көрсету. Қазақстан аумағында қалыптасатын климат құбылыстары туралы көзқарастарын қалыптастыру. Олардың адам өміріне, шаруашылыққа тигізетін әсерін анықтау.
Дамытушылық: Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.