Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет219/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.
Сабақтың кезеңдері:  1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі
2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі
3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.

2

Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп, табиғат зонасы деген не? деген сұрақ қояды.
Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады. мұғалім Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, оқушылармен сұрақ-жауап әдісі бойынша, Қазақстан аймағындағы орманды дала, дала зоналарының географиялық орны мен жер бедеріне тоқталады. Климат картасын пайдаланып орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда қолайлы жауын-шашын мол түсетінін айтады. сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардан зоналарды қандай топырақ түрлері кездесетінін сұрайды. Табиғат зоналарында кездесетін табиғаттың әсем көріністеріне мысалдар келтіреді.

Оқушылар Қазақстан аумағында 4 табиғат зонасы таралғанын айтады. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.
Оқушылардың өз бетінше жүргізетін іс-әрекеттері:
Оқушылар физикалық картаны пайдаланып табиғат зонасын кескін картаға түсіреді.
1) табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтайды.
2) Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, қорытынды жасайды.
3) Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтайды.
Оқушылар өткен тақырыптарда алған білімдеріне сүйене отырып, табиғат зоналарындағы климат ерекшеліктерін, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін анықтайды. Кейін Қазақстанның физикалық картасына қарап отырып, табиғат зоналарына жататын өзендер мен көлдерді сипаттайды. 

3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді:
1) кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.
2) Орманды дала, дала зоналарының басты-басты өсімдіктерін дәптерге жазу.
3) Орманды дала мен дала зоналарында қандай жануарлар мекендейді?
4) Екі зонаны салыстыру.

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды:
1) кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіреді.
2) Орманды дала мен дала зоналарының ағаштарын, бұталарын, шөптесін өсімдіктерін атайды.
3) Орманды дала мен дала зоналарына жататын жануарларды атайды.
4) Оқушылар салыстырып қоырытындылайды.

4

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасына §38 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет