Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет314/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Арктикалық шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагын алып жатыр. Қысқа, әрі суық жаз мезгілінде мұз бен қардан бос батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Бұл зонада мұз дәірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді. Оның қалың, әрі ұзын қара-қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды. Қой-өгіз ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.
Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен ұқсас. Солтүстік Американың тундра зонасына солтүстік бұғыларының айрықша түрі – карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып, орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға ұласады.
Тайга зонасы Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы күлгін. Қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақ шырша, көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, америка бал қарағайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю – барибал, гризли аюы, канада сілеусін, америка қара күзені, бұлан, вапити бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизоны сақталған.
Негізінен биік ағаштардан тұратын мұндай ну орман Жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте ормандар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқан жапырақты ормандар 40ºс.е.-тен оңтүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға ұласады. Мұнда жасы төрт мыңға деін жеткен мәңгі жасыл секвоя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвоя және қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет