Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет319/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   481
Байланысты:
su-aynalym
su-aynalym
Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.
АҚШ жерінің табиғаты алуан түрлі. Оның көпшілігі қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстағы Кордильера мен шығыстағы Аппалач тауларының аралығында Ұлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр. АҚШ жері арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен Миссисипи ағып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Ұлы көлдер шоғырланған.
Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.
АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы болуы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдаланылуы ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден д.ж-де 1-ші орынды алады.
АҚШ халқының саны (290 млн-ға жуық) жөнінен д.ж-де 3-ші орын алады. АҚШ-тағы байырғы халықтың үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек қана ХІХ ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн-ға жуық адам осында қоныс аударған. АҚШ халқының ¾ -і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью-Йорк аспанмен таласқан биік үйлерімен ерекшеленеді, қалада БҰҰ-ның ғимараты, ірі банктер, дүкендер бар.
Тұңғыш ұлттық парк 1872 жылы Йеллоустон аңғарында құрылды. Ол ыстық гейзерлермен, тасқа айналған ағаштарымен әйгілі. Осындағы Алып гезерінен атқылыған судың биіктігі 91 метрге жетеді. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет