Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері



бет390/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.
Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар табиғаттың дайын «сыйын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.
Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет