Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті



бет445/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1
2 мин

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сарамандық жұмыс дәптерлерін таратады.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Сарамандық жұмыс дәптерлерін алады.

2
5 мин

Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойып, анықтамаларды тексереді.

Мұғалімнің өткен тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Анықтамаларды жатқа айтады.

3
30 мин

Мұғалім сарамандық жұмыс тапсырмаларын түсіндіреді.
1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары. Жергілікті жердің ауа райын бақылау:
1) жинақталған материал негізінде тәуліктік температураның графигін салу;
2) жел кестесінің сызба-нұсқасын құрастыру
3) Қорытындылау 
2. «Атмосфера» тақырыбын қайталау. Қайталауға арналған тапсырмаларды түсіндіреді.
1) Тест тапсырмаларын орындау. Тест 30 сұрақтан тұрады

Оқушылардың сарамандық жұмыс тапсырмаларын оындаулары:
1. Өткен апта бойынша бақылаған ауа температурасы көрсеткіштерін ең алдымен кестеге жазып, осы мәліметтердің негізінде температуралардың өзгеру графигін салады.

  1. Апта бойы бақыланған желдердің бағыттарын кестеге жазып, кейін осы мәліметтер негізінде жел өрнегін салады.

  2. Осы жасалған жұмыстардың негізінде апта бойы ауа райына қорытынды жасайды. Әрбір оқушы өз ойын жазады.

2. Оқушылар тест тапсырмаларын қос бетке орындайды. Оындап болғаннан кейін жұмыстарын мұғалімге тапсырады.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Атмосфера» тақырыбын қайталау. 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №39,40
Күні: 02.02.10/01.02.10
Сынып: 6 «А, Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет