Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет447/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Гидросфера» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар 
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:
1) Су дегеніміз не? 2) Табиғатта су қандай күйде кездеседі? 3) Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады? 4) Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?
Жаңа тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүреді:
1. Жердегі су.Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96,5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға – 1,7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0,06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2,5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
2. Табиғаттағы су айналымы. Кіші және үлкен су айналымы.Оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып табиғатағы су айналымы туралы түсінікті анықтайды: 1) Неліктен өзендер суы таусылып қалмайды? 2) Көптеген өзендер көлдер мен теңіздерге келіп құяды. Неліктен олардың су деңгейі көтеріліп кетпейді? Оқушылардың жауапатарын ала отырып дүниежүзілік су айналымы ұғымын қалыптастыру үшін арналған сызба немесе оқулық суреті қарастырылады.  
3. Дүниежүзілік мұхит.Мұғалім дүние бөліктеріне тоқталып кетеді. Жер бетінің көлемі 510 млн. Км2болса, соның 361 млн. км2-ы мұхиттарға, ал 149 млн км2-ы материктерге жататынын айтады. Әр мұхитқа қысқаша сипаттама береді.
4. Мұхит бөліктері. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында «теңіз», «ішкі теңіз», «шеткі теңіз» ұғымдарына көңіл бөледі. Кейін оқушыларға «шығанақ» пен «бұғаз» не екенін анықтап, оларды картадан табу тапсырмасын береді.

Оқушылардың жауаптары:
1) Су – түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ үнемі ағып жататын зат.
2) Табиғатта су сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі. 3) Температура өзгергенде су бір күйден екінші күйге ауысады. 4) Адам ағзасының 70%-ы судан тұрады, су – тіршілік көзі. Оқушылар мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін тыңдап отырып, ең неігзіглерін жазып отырады.
1. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3.. оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып дәптерлеріне Жер шарындағы әр түрлі сулардың мөлшерін диаграмма арқылы сызып көрсетеді.
2. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1) Өйткені оларға жауын-шашынның суы, жер асты суы қосылып отырады. 2) Өйткені бұл көлдер мен теңіздерден басқа өзендер ағып шығып мұхитқа құяды, сонымен қатар су буланып отырады.
Мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар мен мұғалім бірігіп өзендер суларын мұхитқа апарып құяды, жерге сіңген су да ағып мұхитқа қоыслады, мұны дүниежүзілік су айналымы дейді деген қорытындыға келеді. Оқушылар осы қалыптасқан ұғымның арқасында су айналымының рөлі туралы өз ойларын айтады: табиғаттағы су айналымының әсерінен тұщы су көлемі бірқалыпты болады. Үлкен және кіші су айналымын қарастырады.
3. Оқушылар Жер шарында 6 материк бар екендігімен бірге, материктерден дүние бөліктері ұғымын ажырата білуі керек. Дүние бқліктеріне, материктердің өз аумақтарынан басқа жақын жатқан аралдар да кіретінін анықтайды. Барлық дүние бөліктері 6. Олар: Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия, Антарктида. Әрбір мұхиттың қысқаша сипаттамасын жасайды: ауданы, географиялық орны, ең терең жері.
4. Осы тақырып бойынша оқушылар «шығанақ» пен «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқулықтың мәтінінен олардың түсініктемесін оқып, айтылған нысандарды картадан табу керек.

3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар мен сұрақтар береді:
1. Кескін картаға Дүние жүзілік мұхит пен оның бөліктерін түсіру. 
2. Сабақ соңында тақырып бойынша кейбір сұрақтар қойылады: 1) Үлкен және кіші су айналымдары дегеніміз не? 2) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктерін ата. 3) Мұхит бөліктерін ата. Оларға мысалдар келтір. 

Ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Кейін мәтінге көз жүгіртіп, сұрақтарға жауап береді: 1) Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Ол кіші су айналымы. Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бөлігі өзенге, көлге барып қоысылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді-кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Жеге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Бұл үлкен су айналымы. 2) Дүние жүзілік мұхиттың 4 ірі бөлігі: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит. 3) Мұхит бөліктері: теңіздер: ішкі – Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі шеткі теңіздер – Саргасс, Фиджи, Кариб, Кар, шығанақтар – Мексика, Бенгаль, Гвинея, Аден, бұғаздар- Гибралтар, Мозамбик, Беринг.

4

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта дүние жүзіндегі судың мөлшерін, континенттерді, дүние жүзілік мұхит бөліктерін, мұхит бөліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс қызықты болды.

5

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалап, оқушыларға бағаларын айтады.

Оқушылар өздерінің алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырып алады.

6

Үйге: §38-39 қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақ №41, 42
Күні: 09.02.10 /08.02.10
Сынып: 6 «А, Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет