Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет457/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   481
Байланысты:
su-aynalym




Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, оларды тыныштыққа орнатады да, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексереді.
1. Өзен дегеніміз не?
2. Өзен бөліктерін атап, оларды сызып көрсетіңдер.
3. Д.ж. ең биік сарқырама қайда орналасқан?
4. Көл дегеніміз не?
5. Көл қазаншұңқырларының пайда болуы бойынша көлдер қандай түрлерге бөлінеді?
6. Неліктен ағынды көлдер тұщы, ағынсыз көлдер тұзды болып келеді?
7. Еуразия материгінде орналасқан, д. ж. ең ірі және ең терең көл?
Сосын мұғалім өзен мен көл атауларын айтып, оқушылар оларды картадан көрсетеді (Еділ, Объ, Енисей, Дунай, Хуанхэ, Инд, Ганг, Амазонка, Миссисипи, Ніл, Конг, Іле, Сырдария, Әмудария, Ертіс, Каспий, Байкал, Балқаш, Арал, Виктория, т.б.).

Оқушылар ең алдымен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және бір-бірін толықтырады.
Сосын картадан өзендер мен көлдерді атап көрсетеді.

ІІІ

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар оқулықтың «Жер асты суы» тақырыбының басындағы тірек білімдерін тексеруге арналған сұрақтарға жауап береді.
Содан кейін «Жер асты суына» анықтама айтылып және олардың қалай пайда болатындығына көңіл бөлінеді.
Бірінші жолы – жер асты суларының біразы атмосфералық жауын-шашындардан құрылады.
Екінші жолы – атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда – су тамшылары айналады.
Ал үшінші жолын оқушылар өздері айтады. Оның негізгі мәні – судың өте аз бөлігі балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.
Содан кейін суды жақсы өткізетін құм, қиыршық тас, малтатас тау жыныстары көрсетіліп, олар су өткізгіш қабатын құрайтындығын айтады. Сол сияқты су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатастан тұрады.
Сосын мұғалім балаларға сұрақ қояды:
1. Еспе және артезан сулар деген не?
2. Минаралды сулар қалай пайда болады?
Сонымен қатар, жер асты суларының әрекеттеріне көңіл бөлінеді. Оларды мынадай 2 топқа бөлуге болады:
1. Жер бедерінің түзілуіне ықпал жасайды. Мысалы, сырғымалар, үңгірлер, жер асты суларының әрекетінен пайда болады.
2. Жер астынан шығатын бұлақтар, өзендер мен көлдердің молығуына үлкен үлес қосады.

Оқушылар сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар жер асты суларының пайда болуының үшінші жолын өздері оқып, айтады.
Балалар оқулықтағы «Еспе және қабатаралық сулар» суретін пайдаланып, оқушылар еспе мен артезиан суларына өздері анықтама береді.
Сосын сабақтың соңында жер асты суларын неліктен және қалай қорғау шараларын оқушылар жергілікті жердің материалдарымен байланыстырып айтады.

ІV

Жаңа материалды бекіту үшін:
1. Қосымшадан тірек ұғымдар, түсініктер немесе терминдерді дәптерге жазу.
2. Жер асты суының түрлерін және олардың ерекшеліктерін бірдей цифрлармен белгілеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет