Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін тексереді.
|
ІІ
|
Мұғалім Жер шары қабықтарын сұрай отырып жаңа тақырыпты түсіндіруді бастайды. Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі. Биосфера атмосфера қабығының төменгі бөлігін, гидросфераны толықтай, литосфера қабығының беткі бөлігін қамтиды.
Тірі ағзалардың жер бетінде таралу заңдылығын талқылай отырып, биогеография ұғымымен таныстырады.
Кейін тірі ағзалардың географиялық қабықтарға әсерін қарастырады. Осыдан топырақтың түзілуіне тоқталады. Топырақ құнарлығы туралы айтып кетеді.
|
Оқушылар Жер қабықтарын еске түсіріп, биосфера Жердің тіршілік қабығы екенін айтады. Оқушылар «тіршілік қабығы», «тірі ағзалар» ұғымдарын ашып, өз ойларын айтады. Табиғат – қоғам – адам арасындағы байланысты түсіндіреді.
Тіршілік бірлестігі, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады.
Кейін мұғаліммен бірлесе өсімдіктер мен жануарлар карталарын талқылай отырып, биогеография ұғымына анықтама береді.
Оқушылар тірі ағзалардың атмосфераға, гидросфераға, литосфераға әсерін мысалдар келтіре отырып сипаттайды. Осыдан шығып, топырақтың түзілу процесін сипаттайды. Мұғалімнің айтуымен топырақ түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы – қара топырақ екенін анықтайды. Топырақтың қарашіріндісі қалай түзілетінін сипаттайды. Оның маңызын ашып түсіндіреді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін «биосфера» түсінігін ашатын сызбанұсқа салу тапсырмасын береді. Кейін жаңа ұғымдардың анықтамаларын сұрайды. Сабақтың соңында тест тапсырмаларын береді.
|
Оқушылар «биосфера» тақырыбына байланысты сызбанұсқа салады. әрбір сурет салған оқушы өз сызбасын түсіндіреді. Олар өз сызбаларының негізінде Атмосфера – гидросфера – жануарлар дүниесі – биосфера - өсімдіктер дүниесі – литосфера – сызбасы шығу керек.
Кейін жаңа тақырып бойынша танысқан ұғымдардың анықтамаларын айтып, мазмұнын ашады. Ең соңында тест тапсырмаларын орындайды.
|
ІV
|
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді.
|
Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
|
V
|
Үй тапсырмасына «Биосфера» тақырыбын қайталауға арналған тапсырмаларды береді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
|
VІ
|
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.
|