Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Үйге берілген 7 параграфтың тапсырмаларын тексеру. Тестерге жауап берулерін тексеру.
|
Оқушылар дәптерлерін тексертіп, қателері болса түзетіп, сұрақтарға ауызша жауап береді. Тест жауаптарын ауызша жауап береді, дәптерлерінен көрсетеді.
|
|
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
|
Ең алдымен мұғалім оқушыларға кіріспе сұрақтар қояды:
1. Қазақстанның шаруашылығы қанша кезеңнен тұрады?
2. Осы кезеңдерде Қазақстанның солтүстік аймағында шаруашылықтың сипаты қандай болды?
|
Сұрақтарға жауаптры:
1. Қазақстанның шаруашылығы 4 кезеңнен өткен.....
2. Қазақстанның солтүстік аймағында көшпелі мал шаруашылығы мен жер шаруашылығымен айналысқан.
|
|
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
|
Ерте кезеңдерде шаруашылығы артта қалған көшпелі мал шаруашылығы және натуралды шаруашылық сипатында, кейін жер шаруашылығы орыстардың келуімен пайда болуымен сипатталатынына тоқталады. Табиғат жағдайының қолайлылығы, Сібір темір жолы мен Ертістің жақын жатуы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туғызды. ХІХ ғасырда ауыл шаруашылығының шикізатын өңдеу саласы, көмір өндіру мен тұз өндіру, ал ХХ ғасырдың бірінші жартысында темір жолдарының құрылысы мен су жолы қатынасының дамығандығы туралы әңгімелейді. Павлодар облысының шаруашылығы қазіргі кезде қандай сипатта екеніне тоқталып кетеді: барлық облыстар арасынан өнеркәсіп потенциалы жоғары, ауыл шаруашылығы көп салалы, ауыл шаруашылық өнімімен өзін толық қамтамасыз ете алатын облыс болып табылады.
Бірақ, 1991 жылдан бастап өндірістің барлық салаларында құлдырау болғанын айтып кетеді.
|
Оқушылар тақырыпты анықтап, дәптерлеріне қажетті ақпараттарды жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап отырады.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Тақырыпты бекіту ретінде келесі сұрақтарды береді:
1. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жол көлігі қалай дамыды, нақты мысалдар келтір. Оның маңызы қандай?
2. Соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықтың дамуы қандай сипатта болды?
3. Көмір өндіру мен тыңды игеру Павлодар облысының шаруашылығына қалай әсер етті?
4. Екібастұз көмірі қалай пайдаланылды?
5. 1991 жылдан кейінгі құлдырауға не әсер етті?
|
Сұрақтарға жауап береді:
1. Құлынды-Павлодар темір жол құрылысы мен Ертіс су жолы қатынасының дамуы, шаруашылықты шапшаң дамытуға әсер етті. Ертіс өзенінің су жол торабына айналуы Екібастұз, Орал және Сібірмен сенімді байланыс жасау 1938 ж. Павлодардың облыс орталығы болуына себеп болды.
2. Пайдалы қазбаларды зерттеу күшейді. 1954 ж. Екібастұзда көмір өндіру басталды, 1956 жылдан Павлодардың тың және тыңайтылған жердің бір орталығына айналды..........
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Сабақты қорытындылау үшін сұрақ қояды:
1. Павлодар облысы басқа облыстардың арасынан шаруашылығының қандай сипатымен ерекшеленеді?
|
Павлодар облысы өнеркәсіп потенциалы жоғары, ауыл шаруашылығы көп салалы, ауыл шаруашылық өнімімен өзін-өзі ұамтамасыз ете алатын облыс.
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырады, ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
|
8. Үйге тапсырма беру
|
Параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
|
|