Мақсаттары:
Білімділік. Отын-энергетика кешенінің құрамы мен құрылымы жайлы білім беру, оның шаруашылықтағы маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру, энергетикалық базалар және энергия өндіретін аудандар және оның салалары туралы білім беру.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығына қатысты тақырыптық карталарды сәйкестендіру, олар бойынша отын-энергетикалық кешенін сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы
Негізгі ұғымдар: отын өнеркәсібі, электр қуаты, энергетикалық ресурстар, мұнай-газ алабы, мұнай-газ құбырлары, ілеспе газ, газ құбыры жүйесі
Номенклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау
Сабақтың барысы
Достарыңызбен бөлісу: |