Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
1. Отын-энергетикалық кешеннің негізін не құрайды?
2. ОЭК-нің ерекшеліктері?
3. Қазақстандағы негізгі мұнай-газ алаптары.
4. Газ өндіру жекелеген сала ретінде қашан пайда болды? Ол еліміздің қай облыстарына жеткізілген?
5. Ілеспе газ дегеніміз не?
6. Мұнай және газ тасымалдануы
1. Энергетикалық ресурстар. Олар қалпына келетін (су ресурсы (өзеннің құлама суының қуаты), күн, жел қуатының мол қазынасы және жердің ішкі жылуы) және қалпына келмейтін (минералдық отын (мұнай, табғиғ газ, көмір) және ядролық отын (уран)) болып бөлінеді.
2. 4 негізгі ерекшелігі бар: 1) отынның ірі ресурстары және энергия қуаты қажет; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе рет асады; 3) Табиғи газ бен мұнайды пайд-у артты, бірақ көмір ең бастысы; 4) қоршаған ортаны ластайды
3. 1911 ж. Орал-Ембі м-г алабындағы Доссор кеніші; 1960 ж. Маңғыстау алабы; 1980 ж. Оңтүстік Торғайдағы Құмкөл; 1990 ж. Қашаған;
4. 1920 ж. Маңғыстау алабы игерілу кезінде Қарашығанақ кен орнының игерілуімен байланысты. Ол 9 облысқа -
5. Мұнайды өндіргенде ең алдымен ілесіп шығатын газдар.
6. М – темір жол арқылы цистерналарда, Каспий т. арқылы танкермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы. Диаметрі – 83 см, жылына 10 млн. т. жалпы ұзындығы 7000 км-ден артық, ең ірілері – Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу-Алашаңкоу, Омск-Павлодар-Шымкент
Г – ұзындығы 10000 км-ден артық, транзитті Орта Азия – Орталық (ОАО) және Бұхара – Орал, Бұхара-Алматы газ құбырллары арқылы тасымалд.
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
1. Отын-энергетикалық кешеннің құрамы қандай?
2. Отын өнеркәсібінің қандай салалары бар?
3. Өткен тақырыпта отын өнеркәсібінің қай салаларын қарастырдық?
1. Ол отын өнеркәсібі (мұнай, газ, көмір) мен электр қуатын (ЖЭС, СЭС, АЭС) біріктіреді. Мұнай-газ құбырлары
2. Мұнай және мұнай өңдеу, газ, көмір