Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет69/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті




1. Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.




2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар:
1. Көмір өнеркәсібі Қазақстанның қай облыстарында дамыған?
2. Негізгі көмір алаптары мен кесінділерін атаңдар.

Сұрақтарға жауаптары:
1. Қазақстанның солтүстігінде – Павлодар облысы және орталығында – Қарағанды облысы
2. Негізгі алаптары – Қарағанды және Екібастұз алаптары, Богатырь, Северный, Восточный кесінділері




3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т. Ол ХІХ ғ. екінші жартысында ашылды. 1899 ж. Воскресенск тау-кен өнеркәсіптік акционерлік қоғам көмірді өндіре бастады. 1903 ж. Көмір өндіру тоқталды. 1913 ж. Жұмысты ағылшындар қайта бастады. 1916 ж. 64 мың тонна көмір өндірді. 1925 ж. Жұмыс тоқталып, кен орны национализацияланды, 1948 ж. Бірінші көмір кесіндісі жұмыс істей бастады. Екібастұз көмірі әлсіз жанады, күлі көп, күкірті көп, қызу шығару мүмкіндігі орташа. Ең ірі көмір кесіндісі – Богатырь. Нағыз техникамен жабдықталған кесіндісі «Восточный».
Майкүбі көмір алабы 1982 ж. Игеріле бастады. Оның жалпы қоры – 109 млрд. т. оның көмірінің күлі аз, күкірті аз, жылу жоғары, жақсы жанады. Көмірі металлургия және химия өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады.
Қазақстанда,ғы мұнай өнеркәсібінің дамуы Павлодар облысындағы мұнай өңдеуші зауыттарсыз дамуы мүмкін емес. Зауыттың қуаттылығы – 7,5 млн. т. 1978 ж. МӨЗ алғашқы: мазут, бензин, дизелдік отын сұйылту газдарының өнімін берді. Қазір зауыт жаңа құралдармен жабдықталған, мұнда мазутты тереңнен қңдеп шығарудың күрделі технологиялық кешені құрылған.
Энергетика – Павлодар облысының шаруашылығының өзекті салаларының бірі. 1994 ж. Облыстың энергетикасы 27,6 млрд. квт/сағ. электр энергиясын өндірген. Ақсуда МАЭС, Екібастұзда екі МАЭС және бір ЖЭО, Павлодарда 3 ЖЭО бар. Өндірілген электр энергиясы облыс пен республикада да пайдаланылады, бірақ оның көп бөлігі жоғары вольтті электр желісі арқылы Оралға, Батыс Сібірге экспортталады. 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.




4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

Бекіту сұрақтары: 1) Павлодар облысындағы өндірілетін көмірдің диаграммасын сызу; 2) Екібастұз бен Майкүбі көмір кен орындарына салыстырмалы сипаттам бер; 4) Кешеннің шаруашылықтағы маңызы мен түрлері; 5) Кешеннің құрылымы, оның бөлшектері мен ерекшеліктері; 6) Кешеннің негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары; 7) Кешенді өңдейтін салалардың орналасу факторлары; 8) Өндірістің шоғырланған аудандары мен территоиялық құрылымы; 9) кешеннің даму болашағы

Оқушылар сұрақтарды өзара бөлісіп, бір-бірден жауап береді.




5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Павлодар облысының отын-энергетикалық кешені қандай салалардан тұрады?
2. Негізгі көмір кесінділерін атаңдар.
3. Павлодар облысында өндірілетін электр қуаты қайда пайдаланылады?

1. Павлодар облысының ОЭК-і көмір өнеркәсібі, мұнай өңдеу өнеркәсібі және электроэнергетика салаларынан тұрады.........




6. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырып, ескертулері болса айтады.




7. Үйге тапсырма беру 

Мәтін соңындағы сұрақтар мен сабақ үстінде үлгермеген сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.




Сабақ №17
Күні:
Сынып: 9
2 сарамндық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанның шаруашылығы. Отын-энергетикалық кешені


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет