Мақсаттары: Білімділік. Қазақстанның машина жасау кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамымен таныстыру. Машина құрастырудың ғылыми-техникалық прогрестегі ролін түсіндіру, салаішілік және салааралық байланыстар, шикізат базасы туралы білім беру. Машина жасау кешенінің орналасу факторлары туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық.Қазақстанның машина жасау кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.