Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның машина жасау кешенінің картасы
Негізгі ұғымдар: машина жасау кешені, қорғаныс-өндірістік кешен, конверсиялау, бұйымдық мамандану, бөлшектер бойынша мамандану, технологиялық мамандану, технологиялық процестер
Номенклатура: Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Петорпавл, Өскемен, Семей, Атырау, Қарағанды, Қызылорда
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
1. Еліміздегі көмір өнеркәсібі қай жерлерде игерілген.
2. Қазақстандағы электр қуатын электр стансаларының қандай түрлері береді?
3. Павлодар облысының ОЭК-нің өңдейтін салаларының орналасу факторлары;
4) Павлодар облысындағы өндірістің шоғырланған аудандары мен территоиялық құрылымы;
5) Павлодар облысының ОЭК-нің кешеннің даму болашағы
|
1. Қазақстандағы көмір өнеркәсібі еліміздің орталағында – Қарағанды облысында Қарағанды көмір алабы, солтүстігінде – Павлодар облысындағы Екібастұз көмір алаптары болып табылады.
2. Қазақстандағы электр қуатын ЖЭС, СЭС, АЭС -сы береді.
3. Павлодар облысындағы мұнай өңдеу зауыты Батыс сібірден Омбы арқылы келетін мұнаймен жұмыс жасайды.
|
|
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Өнеркәсіпте өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салаларды ата.
2. Ауыр өнеркәсіпке немесе А тобына қай салалар жатады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1. Энергетика, металлургия, машина жасау, т.б.
2. Осы салалар А тобына жатады, олардың маңыздылары машина жасау, химия өнеркәсібі, электр қуаты.
|
|
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
|
Машина жасаудың құрамы: 1) машина жасау; 2) металл өңдеу,; 3) кіші металлургия. МЖК – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдықтар шығарады. Ол басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. МЖК өндіріс саласы ретінде ҰОС жылдарында эвкуациямен кқшіріліп әкелінген кәсіпорындар негізінде құрылды. 1990 жж. МЖК дағдарыс жағдайында болды. Қазір МЖК-нің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларында ең көп жқмыскерлер қызмет етеді. Елімізде тек құрастыру кәсіпорындары құрылған (Өскемен-жеңіл автокәлік, Семей-автобус). МЖК-де маманданудың үш түрі – бұйымдық (Астанадағы зауыт – тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады), тетіктер мен бөлшектер шығару «Қостанайда ауыл шаруашылық машиналарының дизель қозғағыштары, Талдықорғанда аккумулятор шығ.), технологиялық (Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты) түрлері бар. Мамандану мен кооперативтендіру дамуының нәтижесінде көліктік фактордың ролі артады. Кейін тұтыну факторы, еңбек факторы тұрады.
Кейбір МЖ салалары еңбекті көп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Мұндай салалар еңбекті де, ғылымды да кқп қажет ететін салалар болып табылады.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1. иақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді талдау тапсырмасын береді.
|
Оқушылар оқулықтарындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді қарап, оларға толық талдау жасайды.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қорытынды сұрақтар.
1. Машина жасау кешенінің құрамына қандай салалар жатады?
2. Машина жасаудағы маманданудың қандай түрлері бар?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
|
8. Үйге тапсырма беру
|
127-128 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
Сабақ №19
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Павлодар облысының машина жасау кешені
Достарыңызбен бөлісу: |