Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
|
І
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
|
ІІ
|
Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. 129-130 беттегі 1-4 тапсырмалардың жауаптарын және тестерге жауаптарын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды: 1. Ең алғаш машина жасау кәсіпорны қашан және қайда пайда болды?
2. Еліміздегі машина жасауға жататын ең ерекше кәсіпорынды ата? Ол қандай қызмет атқарады?
3. «Азия-Авто» зауытының құны қандай, оның қызметі қандай?
4. Алматы қаласында машина жасаудың қай саласы дамыған? Ол нені шығарады?
|
Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:
1. 1909 ж. Верный қаласында
2. Өскемен қаласындағы ҚР-ның Монеталар сарайы.
3. Құны 20 млн доллар, оны ресейлік «АвтоВАЗ» («Нива») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокқлігін құрастыруға көшуде..
4. «Газэль» автомобильдерін, троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАз» автокөліктерін шығару өндірі
|
|
ІІІ
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Өзіміздің өлкемізде қандай зауыттар мен комбинаттар бар?
2. Олардың қайсысы металлургияға жатады?
|
Сұрақтарға жауаптары:
1. Павлодар қаласында Алюминий зауыты, Мұнай өңдеу зауыты, Электролиз зауыты, Трактор зауыты
2. Трактор зауыты
|
|
ІV
|
Мұғалім Павлодар облысының машина жасау кешені туралы әңгімелейді: облыстың алдыңғы қатарлы салаларының бірі машина жасау – кешені. Машина жасау революциядан кейін дами бастады. 1950 жылдың ортасында және одан кейінгі жылдарда ерекше тез дамыды.
Оқушыларға келесі тапсырмаларды береді.
1) Қазір облыстың машина жасау кешені қандай сипатта?
2) Облыстың Қарағанды облысымен көрші болуы қандай ықпалын тигізеді?
3) Облыстың машина жасауы «егіс даласына қарап тұр» дегенді қалай түсіндірер едіңдер?
4) Облыстың кәсіпорындары қалай жұмыс істейді?
5) Қазіргі кезде кәсіпорындарда қандай жұмыс жүріп жатыр және оның болашағына қандай болжамдар бар?
6) «Октябрь» зауыты қай салаға маманданған?
7) «Арнайы құрал сайман мен технологиялық жабдықтар» зауыты қай салаға маманданған?
8) Машина жасаудың қандай басқа бағыттары бар?
|
Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, қажеттерін жазып алады. Кейін тапсырмаларды орындайды:
1) Қазір облыста 20 шақты МЖ кәсіпорындары бар. Олар әртүрлі трактор жасаушы, технологиялық және металл конструкциясын құрушы, құрал-сайман өнеркәсібі, станок жасаушы, электроника комплексінің саласына кіреді.
2) Кең металл жасау: тракторлар, бульдозерлер, арнайы техн-қ жұмыстарды механизациялау мен автоматизациялау үшін ТМД-ның трактор зауыттарына құрастыру, тракторлар мен автомоблильдерге қор бөліктерін шығару жұмыстары дамыған.
3) Трактор жасау басты орында
4) Металл Қарағандыдан келеді, облыс кәсіпорындары металл сынықтарын пайдаланады. Зауыт толық технологиялық тізбектік жұмыс жасайды.
5) Қзіргі кезде зауытты құрастыру жұмысы жүріп жатыр және жаңа өнімдер шығару өндірісітері құрылуда.
6) Бұл – экспериментальді кәсіпорын, технологиялық жабдықтармен: механизация мен автоматизацияны құрастыру жұмысына мамандалуда.
|
|
V
|
Тақырыпты бекіту үшін кесікн картаға Павлодар облысының кешенді картасынан Павлодар-Екібастұз экономикалық ауданын түсіру тапсырмасы беріледі
|
Оқушылар оқулықтарының кесікн картаға 45 бетіндегі Павлодар облысының кешенді картасынан Павлодар-Екібастұз экономикалық ауданын түсіреді
|
|
VІ
|
Қорытынды сұрақтар.
1. Облыста ауыр машина жасау құрылысы немен байланысты жасалған?
2. Еңбекті көп қажет ететін машиналарды жасауға не мүмкіндік береді?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
|
|
VІІ
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
|
VІІІ
|
Тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|