Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет127/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті




І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.




ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың Тесттер тапсырмасын тексереді. Сосын оқушылардың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды тыңдайды.

Оқушылар өздерінің тесттер тапсырмасын көрсетіп, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды оқып талдайды.




ІІІ

Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады.
Шығыс Қазақстанның экономикасын Кенді Алтайдың полиметалы, қалайы-вольфрам, ванадий, алтын, көмір, сирек кездесетін металдары құрайды.
Республика шаруашылығында Шығыс Қазақстанның алатын орнын анықтай отырып, бүгінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бірден-бір аудан екендігіне мысалдар келтіреді. Мұндағы кейбір кен орындары 18ғ өзінде дами бастаған. Түсті металлургияның жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті тетік жасауда алатын орны зор. Түсті металлургия мұнда толық циклмен жұмыс істейді. Бұл экономикалық ауданда минералды ресурстардың мол қоры шоғырланған. Шығыс Қазақстанда отын ресурстары аз болғанымен, су қоры Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі СЭС-і (қуаттылығы 1350 мың кВт) және Ертіс тармақтарында орналасқан СЭС-ң тораптары жұмыс істейді. Ең ірісі – Бұқтырма су қоймасы, көлемі 550 шаршы шақырым, тереңдігі 11 м. Алтайда жер асты сулары көп. Түсті металлургия (қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек металдар) өнеркәсіптің негізгі ортасы. Олар негізінен Өскемен, Лениногор және Зырян сияқты ірі қалаларда шоғырланған. Мұнда машина жасау өнеркәсібі дамыған, олар тау қопарғыш құралдар, кондесаторлар және электр станцияларына арналған құралдар жасайды. Электр энергиясын таудан басталатын ағысы қатты өзендерден алады. Химия өнеркәсібінен күкірт қышқылын өндірсе, ауданда ағаш өңдеу (Зырян, Шемониха) ісі де қолға алынған.
Бұрынғы Семей облысы алтын өндірудің ең көне және ірі ауданы болғанына көңіл аударады.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы республика аумағының 10,4% алып жатыр, өнеркәсіп өнімінің 10%, ауыл шаруашылығының 13% өндіреді. Халық тұтынатын тауарлармен аудан көлемін қамтамасыз етеді.
Кенді Алтай өнеркәсіп орталығынан басқа, Семей өнеркәсіп торабы – жеңіл және тамақ өнерксібі, тон және тері өнімдері, аяқ киім фабрикалары қалыптасты.
Одан кейін мұғалім балаларға ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.
Қалалардың ең ірілері – Семей, Өскемен, Риддер. 

Ең алдымен балалар экономикалық ауданның құрамы деген мәліметтерді көшіріп алады. Сосын Шығыс Қазақстан ЭГЖ мен табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады. Экономикалық ауданның халқын өткен кезде халқына жоспар бойынша сипаттама береді.
1. Халық саны мен үлесі
2. Тығыздығы мен тығыз қоныстанған аймақтар
3. Урбандалу деңгейі
4. ЭБХ мен олардың құрамы
Шығыс Қазақстанның экономикасын өткенде, олар 144-суретке қара, Шығыс Қазақстан өнеркәсіп салаларының байланыс сызбасын сызады. Одан кейін өндірістегі маңызды өнім түрлерін шығарудағы Шығыс Қазақстанның үлесі деген сызбаны сызып, білімдерін бекітеді. Сонда мамандану коэффициентін анықтау формуласы арқылы Шығыс Қазақстан мырыш, қорғасын, алтын, күкірт қышқылын, цемент өндіру жөнінен маманданған және республикада бірінші орынды алып жатыр деген қорытындыға келеді. Екіңші орында – мыс жіне орман материалдар өндіріс, ал үшінші орында ет өндіру алады. 
Балалар ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып, ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы (68%), оның ішінде етті-сүтті мал шаруашылығы, етті-жүнді қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, марал өсіру және омарта шаруашылығы алған қойылған. Өсімдік шаруашылығынан май шығаратын күнбағыс дақылдары, бидай, қарақұмық және көкөніс дақылдары өсіріледі.
Оқушылар Семей, Өскемен, Риддер қалалары туралы оқып, қысқаша баяндаманы дайындап, мазмұнын айтады. 




ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында келесі сұрақтарды қояды:
1. Шығыс Қазақстанның ЭГЖ. Экономикасын дамытудағы басты қолайлы жағы неге негізделген?
2. Табиғат жағдайы мен ресурсына шаруашылық тұрғысынан баға беріңдер.
3. Аудандағы халықтың біркелкі орналаспау себебі неде?
4. Орталық пен Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?
Сосын келесі тапсырмаларды береді:
1. Кестені толтырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет